Система Orphus

Көлік және коммуникация министрлігі әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушы темір жол бағдарлары тізімін толықтыруды жоспарлауда - баспасөз баяны

19.10.2012, 18:59 214

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңадан "Астана - Достық" темір жол бағдарын ашу жоспарлануда.

Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиісті қаулының жобасын енгізді. Бұл айында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Бұған дейін "Астана - Достық" маршруты бойынша темір жолмен жолаушы тасымалы жүргізілмеген болатын. Жаңа бағдар әлеуметтік маңызы бар бұл бағыт жұртшылықтың жолаушы тасымалына сұранысы болуына байланысты ашылды.

Мұның сыртында министрлік басқа да ынталы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар тізімін "Астана - Орал" және "Павлодар - Қарағанды" бағдарларымен толықтыруды қарастыруда. Осының нәтижесінде 2013 жылы "Астана - Ақтөбе" аралығына қатынайтын № 57/58 пойыздың жүру маршруты Орал стансасына дейін, ал "Павлодар - Астана" аралығына қатынайтын № 673/674 пойыздың жүру маршруты Қарағанды стансасына дейін ұзартуға мүмкіндік ашылады.

Илеуметтік маңызы бар қатынастарға тасымалдаушы үшін коммерциялық жағынан пайда түсірмейтін, бірақ та жұртшылық арасында сұранысқа ие маршруттар жататынын атап өтуге болады. Илеуметтік маңызы бар бағдарлар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны