19.12.2012, 13:38 3399

Көлік және коммуникация министрлігі көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын әзірлеуде

"Транзиттік әлеует туралы бағдарламаны, әлеуетті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым туралы бағдарламаны біз әріптестерімізбен бірлесіп әзірлеп жатырмыз. Сәйкес жұмыс тобы құрылуда", - А.Жұмағалиев өз сөзінде.

Астана. 19-желтоқсан. Kazakhstan Today - Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметі ресми өкілінің брифингінде мәлім етті.

"Транзиттік әлеует туралы бағдарламаны, әлеуетті дамыту үшін қажетті инфрақұрылым туралы бағдарламаны біз әріптестерімізбен бірлесіп әзірлеп жатырмыз. Сәйкес жұмыс тобы құрылуда", - А.Жұмағалиев өз сөзінде.

Министрдің айтуынша, жұмыс тобы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мазмұнын жасайды, одан кейін ол құжат мемлекеттік органдарда талқылаудан өтеді, содан кейін Бағдарлама белгілеген рет бойынша Елбасының қарауына енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бадарлама Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген тапсырмалар бойынша жасалуда. Және ол құжат еліміздің көлік әлеуетін дамытуда маңызды роль атқаратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны