02.04.2014, 20:14 13680

Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы Грузия және Иран елшілерімен кездесy өткізді

Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы Жеңіс Қасымбек Грузия және Иран елшілерімен кездесу өткізді.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы Жеңіс Қасымбек Грузия және Иран елшілерімен кездесу өткізді.

ККМ-де хабарлағандай, тараптар екі жақты қарым-қатынастардың серпінді дамуын атап өтіп, алдағы ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек және Қазақстандағы Иран елшісі Горбан Сейфи ККМ және Иран арасындағы қарым-қатынастарға разылық білдіріп, екі жақты байланысты әрі қарай дамытуға келісті. Бұған құрылысы Қазақстанда аяқталған "Өзен (Қазақстан) - Кызылкая-Берекет-Этрек (Түркменістан) - Горган (Иран)" теміржол желісін іске қосу жағдай жасап отыр.

Министрдің Грузия елшісі Зураб Патарадземен Қазақстанда кездесуі барысында келешекте Изірбайжанның, Грузияның және Түркияның теміржол желілерін біріктіруге үндеу болатын "Баку-Тбилиси-Карс" жаңа темір жолын пайдаланып Қазақстан жүктерді әр тараптандыру мүмкіндігіне ие болатыны белгіленді.

Сонымен қатар, грузиялық елші Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутының дамуы жөніндегі Үйлестіру комитетін құру туралы Келісімінің маңыздылығын атап өтті. Келісімге өткен жылдың қарашасында "Жаңа Жібек жолы" II халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан, Грузия және Изірбайжан көлікшілері қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты - транзитті тарту, жүктерді тасымалдауға арналған тарифтерді бекіту саласында келісілген саясат жүргізу (толассыз мөлшерлеме), инфрақұрылымды дамыту және ортақ біріктірілген логистикалық өнімді құру. Зураб Патарадзе айтуынша Комитетті құру туралы шешім жақсы нәтижелерді беріп жатыр.

ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек транзиттік тасымалдау көлемін арттыру Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басты міндеті екенін белгілеп өтті. Сонымен бірге ол Грузиямен қарым-қатынастың Қазақстан үшін маңыздылығын және министрліктің оларды әрі қарай дамытуға жағдай жасайтынын белгіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны