18.06.2014, 20:58 2565

Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы Үкімет отырысында азаматтық авиация саласының дамуы жөнінде есеп берді

Үкімет отырысында ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек министрлер кабинеті алдында азаматтық авиация саласының қазіргі кезеңдегі даму барысы жөнінде баяндады.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Үкімет отырысында ҚР көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек министрлер кабинеті алдында азаматтық авиация саласының қазіргі кезеңдегі даму барысы жөнінде баяндады.

Министрдің айтуынша, ҚР авикомпанияларының 2013 жылы тасымалдаған жолаушылар саны мен республика әуежайлары қызмет көрсеткен жолаушы көлемі жөнінен 2012 жылмен салыстырғандағы көрсеткіші 10%-ға артқан. Мұндай өсуге көбіне-көп азаматтық авиация саласында жүргізіліп жатқан реформа себепкер болды. Айталық, 2013 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Техникалық ынтымақтастық бюросының (ХААҰ ТЫБ) сарапшыларымен бірлесіп авиациялық әкімшілігінің құрылымы реформаланды. Сонымен бірге халықаралық талаптарға сәйкестендірілген нормативтік база құрылды. Оның ішінде заңнамаға 80 түзетулер енгізілді. Олар негізінен ұшу қауіпсіздігі нормаларын қатайтуға қатысты. Бұдан тыс ресертификация жүргізілді, нәтижесінде 15 эксплуатанттың құқығы қайта шақырылып, қызметі тоқтатылды.

Сонымен бірге, биылғы жылдың сәуір айында "Эйр Астана" авиакомпаниясының Еуропаға ұшуына байланысты негізгі шектеулер алынып тасталғаны атап өтілді.

Бұған қосар мәлімет, таяуда ғана ИКАО-ның миссиясының 2009 жылғы аудиттің ескертпелерін Қазақстанда жойылу барысы жөнінде тексеріс жүргізген болатын, олардың нәтижелері биылғы жылғы қыркүйекте белгілі болады.

ХААҰ ТЫБ-сының ұсынысына сәйкес азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық қызметті "Азаматтық авиация туралы" және "Иуе кеңістігін пайдалану туралы" заң жобаларын регламенттеу өткізу жоспарлануда. Бұл заңнамалар жобасының біріншісі ұлттық заңнаманы қазіргі халықаралық нормалармен үйлесімге келуін қамтамасыз етеді, ал екіншісі әуе кеңістігін пайдаланушылардың барлығының мүдделерін ескеріп, мемлекеттік және азаматтық авиацияның басымдылықтарының шекарасын ашу мәселелерін шешуге мүмкіндік ашады.

Жолаушыларды авиатасымалдау рыногына келетін болсақ, хабарламада қазақстандық авиакомпаниялар халықаралық тасымалдау рыногында алғаш рет шетелдік компанияларға қарағандағы үлесі жоғарырақ болғандығы атап өтілді.

Қазақстанның авиатасымалының ішкі рыногы толықтай ырықтандырылды: субсидия арқылы ұйымдастырылғаннан өзге барлық авиакомпаниялар ішкі авиамаршруттарды еркін таңдай алады. Осының арқасында бәсекелес маршруттардағы тарифтердің төмендеу үрдісі байқалады. Елімізде ішкі маршруттардағы аптасына ұшу жиілігі жыл сайын 20%-ға артып келеді.

Сонымен бірге, ішкі тасымалдың әлеуетін іске асыру Елбасының тапсырмасына сәйкес "Эйр Астана" өңірлік компаниясын ашу өзекті мәселе екендігі атап өтілді. Осыған байланысты ККМ өз құзыреті аясында осындай компанияның құрылуына барынша септесуге әзір.

Баяндамада жер бетіндегі инфрақұрылымның жай-күйіне назар аударылды: ҚР-нда жұмыс жасайтын 18 республикалық және облыстық маңызы бар әуежайлардың 13-інде ұшу-қону алаңдарында (ҰҚА) реконструкция өткізілді. Бұған қоса, биылғы жылы осындай жұмыстар Орал және Петропавл әуежайларында жүргізу жоспарлануда. Ал 2017 жылдың аяғына дейін қалған 3 әуежай, яғни Семей, Қостанай және Өскеменде реконструкция жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі уақытта 9 әуежайдың терминалдарында реконструкция өткізілгендігі атап өтілді. Қалған әуежайларда мұндай реконструкция жұмыстарын мемлекеттік-жекеменшік кәсіпкерлік механизмін қолдану арқылы іске асыру жоспарлануда. Мұның сыртында, республика әуежайларындағы қызмет көрсету сапасын арттыру үшін халықаралық талаптарға сәйкес келетін әуежайлардағы Жолаушыларға қызмет көрсету ережелері бекітілді.

Сонымен қоса, кадрлік әлеуетті іске асыру жөнінде сөз бастаған Ж.Қасымбек ККМ мен Білім және ғылым министрлігімен бірлескен жоспары бойынша халықаралық оқыту бағдарламасына көшу және оқыту базасын модернизациялау жұмыстары жайында әңгіме өрбітті. Айталық, Алматы қаласында Азаматтық авиация академиясы базасында "Patria" (Финляндия) ұшу мектебімен бірлескен жоба іске асырылуда, ұшқыштарды даярлау жөнінде халықаралық талаптарға сәйкес келетін тұғырнама іске асырылуда. Алғашқы 12 студент Финляндияда қазірдің өзінде ұшу практикасын өтуге жіберіліп үлгерілді.

Сонымен бірге, Қазақстанда ұшқыштарды даярлау мақсатында БжҒМ ағымдағы жылы 8 оқыту ұшақтарын сатып алуы қарастырылды, ал 2017 жылға дейін тренажерлік кешен мен ұшу аэродромын салу көзделген.

Бұдан тыс, 2013 жылы аталған Академияның базасында ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Орта Азиядағы жалғыз субрегионалдық оқыту орталығы құрылды, бүкіл сала бойынша мамандар біліктілігін жетілдіру жөніндегі салалық орталық құру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны