01.07.2009, 16:09 2491

Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына бюджеттің 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылды - қаржы полициясы

Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына бюджеттің 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылды - қаржы полициясы

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына бюджеттің 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылғы 26 маусымда Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Хакімжан Жамбырбаев ұсталды.

Ағымдағы жылдың 28 маусымында оған қызметтік бабын пайдаланып, көліктік бақылау бекеттерін станциялық салмақтық құралдармен жабдықтауға және жол полотносын ретке келтіруге бөлінген 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатты ұрлады деген айып тағылды. Ағымдағы жылдың 29 маусымында Жамбырбаев сот санкциясымен қамауға алынды",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны