01.07.2009, 16:16 2679

Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына бюджеттің 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылды - қаржы полициясы (толықтырылған)

Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына бюджеттің 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылды - қаржы полициясы (толықтырылған)

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына бюджеттің 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлады деген айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылғы 26 маусымда Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Хакімжан Жамбырбаев ұсталды.

Ағымдағы жылдың 28 маусымында оған қызметтік бабын пайдаланып, көліктік бақылау бекеттерін станциялық салмақтық құралдармен жабдықтауға және жол полотносын ретке келтіруге бөлінген 93 млн 600 мың теңге ақшалай қаражатты ұрлады деген айып тағылды. Ағымдағы жылдың 29 маусымында Жамбырбаев сот санкциясымен қамауға алынды",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі көліктік бақылаудың 6 бекетін станциялық салмақтық құралдармен техникалық жабдықтауға 210 млн теңгеден астам қаражат бөлген. 2008 жылғы 30 сәуірде бір қайнар көзден алу жолымен өткізілген ашық конкурс бойынша "СТ Сервис Астана" ЖШС жеңімпаз деп танылды.

"Қол қойылған келісім-шарттарға сәйкес аталмыш ЖШС 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін көліктік бақылаудың 6 бекетін жалпы соммасы 210 млн теңгеге қажетті құралдармен жабдықтауға міндеттенген. Алайда, келісім-шарттардың мерзімдері аяқталған соң да, бүгінгі күнге дейін де ЖШС өз міндеттемелерін орындамаған",- деді ресми өкіл.

Қаржы полициясы өкілінің айтуынша, Жамырбаев ЖШС өзіне алған міндеттемелерді орындамағандығын біле тұра, бөлінген бюджет қаражатын ұрлау мақсатында ЖШС өкілдерімен алдын-ала сөз байласып, жол құрылысы жұмыстарын өткізумен көліктік бақылау бекеттерін ретке келтіру және станциялық салмақтық құралдар сатып алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған.

"Мәселен, сот-құрылыстық сараптамалардың қорытындыларына сәйкес көліктік бақылаудың "Атырау" және "Қарабұтақ" бекеттері бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 93 млн 600 мың теңгені құрады. Оған қоса, соттық-жазба срапатамасымен қолдары келісім-шарттарда бар "СТ Сервис Астана" ЖШС директоры Тұрлыбекованың шын мәнінде оларға қол қоймағандығы анықталды. Сонымен бірге, шот-фактуралардағы және орындалған жұмыс актілеріндегі қолдардың да оған қатысы жоқтығы анықталды",- деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, аталған ЖШС өкілдерінің Жамбырбаевқа келісім-шарт соммасының бір бөлігін бергендігі тергеумен анықталды.

"Осылайша, Жамбырбаев қызмет бабын пайдаланып, шын мәнінде орындалмаған жұмыстар үшін "Ст Сервис Астана" ЖШС шотына заңсыз аудару арқылы 93 млн. 600 мың теңге бюджет қаражатын ұрлаған. Іс бойынша тергеу жүргізілуде",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны