26.05.2015, 10:09 3490

Көліктегі ІІД-ніӊ кинологиялық бөлімшелері жыл басынан бері 100 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-ніӊ кинологиялық бөлімшелері қызметкерлері ағымдағы жылдыӊ бес айы ішінде қызметтік-іздестіру иттерініӊ көмегімен есірткі қылмысыныӊ 58 фактісін анықтап, заӊсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-ніӊ кинологиялық бөлімшелері қызметкерлері ағымдағы жылдыӊ бес айы ішінде қызметтік-іздестіру иттерініӊ көмегімен есірткі қылмысыныӊ 58 фактісін анықтап, заӊсыз айналымнан 100 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Департаменттіӊ және оныӊ желілік бөліністерініӊ есірткі бизнесімен күрес және экстремизмге қарсы күрес бөлімшелерініӊ қызметкерлерімен біріге отырып кинологтар қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып вокзалдарда тұрақты түрде рейдтік шаралар өткізіп тұрады. Бұл шаралардыӊ мақсаты есірткі заттарыныӊ заӊсыз тасымалдануын және сақтауын анықтап, жолын кесу, сондай-ақ, жарылғыш заттардыӊ да таратылуына жол бермеу және жолаушылар пойызындағы қылмыстардыӊ алдын алу. Департаменттіӊ Кинологиялық қызметініӊ басшысы Бағлан Жарылқасынұлыныӊ айтуынша, қазір Кинологиялық қызмет орталығында 32 ит "қызмет етеді". Иттерді көбейтумен Алматы қаласында орналасқан ІІМ-ніӊ Кинологиялық орталығы айналысады. Бір жасқа толғанша олар сол жерде бағылады да, одан соӊ осындай іздестіру қызметіне жіберіледі, онда олар орташа есеппен 8-10 жыл, дұрыс күтім жасалған жағдайда одан да көп мерзімге қызмет ете алады.

Мысалы, биылғы жылдыӊ сәуір айында Жамбыл станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасыныӊ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімініӊ қызметкерлері "Линда" лақап атты қызметтік-іздестіру итініӊ көмегімен Жамбыл станциясыныӊ жүк бөлімінде Тараз қаласыныӊ екі тұрғынын ұстады, олардан ішіне 70 келіден астам "кептірілген марихуана" есірткі заты салынған 2 жол сөмкесі алынды.

Мамыр айында "Мұқыр-Мақат" станцияларыныӊ аралығында "Астана-Маӊғышлақ" бағытындағы жолаушылар пойызында Департаменттіӊ Кинологиялық қызмет орталығыныӊ қызметкерлері вагонныӊ жолсерігін ұстады, оныӊ қызметтік купесінде салмағы 300 келіден асатын марихуананыӊ екі орамасы табылды.

Көліктегі ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны