12.05.2010, 15:24 3281

"Көлікті айдап әкету" операциясы жүргізілген үш күнде автокөлік құралдарын иемденуге байланысты 61 қылмыс тіркелді - ІІМ

"Көлікті айдап әкету" операциясы жүргізілген үш күнде автокөлік құралдарын иемденуге байланысты 61 қылмыс тіркелді - ІІМ

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - "Көлікті айдап әкету" операциясы жүргізілген үш күнде автокөлік құралдарын иемденуге байланысты 61 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету және автокөлік құралдарын ұрлаумен және айдап әкетумен, сондай-ақ автомашина жүргізушілеріне қарақшылық шабуылдар жасау мен тонауға байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында 3-6 мамыр аралығында мүдделі қызметтерді барынша жұмылдыра отырып, кең көлемді "Көлікті айдап әкету" операциясы өткізілді.

Жедел-алдын алу іс-шарасына полицияның жеті жарым мың қызметкері тартылды.

Оны өткізу кезеңінде автокөлік құралдарын иемденуге байланысты 61 қылмыс тіркелді, 59-ының "ізі суымай" ашылды.

"Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Шымкент қаласында болған атыс қаруын қолдана отырып, Ибадуллаевқа қатысты қарақшылық шабуыл жасағаны және оның автокөлігін иемденгені үшін 2010 жылғы 5 мамырда Алматы қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды, одан ұрланған "Тойота Лэндкрузер" автомашинасы алынды",- делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, ұрланған 92 автомашина оның ішінде қымбат тұратын модельдегі 4 автомашина: Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында екі "Тойота Лэндкрузер Прадо" автокөлігі, Алматы қаласында және Батыс Қазақстан облысында екі "Мицубиси Паджеро" автокөлігі табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

"Бұрын 53 автокөлік қылмысын, оның ішінде "өткен жылдардағы" 22 қылмысты жасағаны әшкереленген 133 күдікті ұсталып, 7 қылмыстық топ залалсыздандырылды. Іздестірудегі 4 қылмыскер ұсталды (Ақмола және Ақтөбе облыстарының ІІД). 3,5 мыңнан астам автосервистік кәсіпорынды, ТҚКС, жеке автошеберхананы және автобөлшектер сататын 1800 орынды тексеру ұйымдастырылды. 905 арнайы іс-шарасы өткізілді, оның нәтижелері бойынша 20 автокөліктік қылмыс ашылды. Астана қаласының ІІД тергеу қамауындағы Байтілеевтің 2008 жылғы 7 қыркүйекте және 2009 жылғы 15 ақпанда орын алған тиісінше Кургановтан және Дәулетбаевтан екі "Фольксваген" автомашинасын айдап әкеткенін әшкереледі. 6 мамырда Батыс Қазақстан облысының ІІД 2010 жылғы 22 сәуірде Орал қаласында орын алған Дүйсенбаевтан "Мицубиси Паджеро" автомашинасын айдап әкеткен бұған дейін ұсталған жиырма бес жастағы Хамзинді әшкереледі, ол бұрын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 175-баптары бойынша сотталған. 4 мамырда Ақтөбе облысының ІІД 2010 жылғы 5 сәуірде автомашина айдап әкеткені үшін іздестіруде жүрген қылмыскер Кисеменовті ұстады",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта барлық ұсталған адамдар осыған ұқсас ашылмаған қылмыстардың жасалуына қатыстылығы бойынша тексерілуде, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны