26.07.2012, 13:28 3581

Көліктік бақылау бекеттері бейнемониторинг жүйесіне қосылады

Бір ай (тамыз) ішінде Көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығына 24 жылжымалы бекеттер қосылатын болады. Бұл шаралар республикалық маңызы бар жолдарда көліктік бақылау үдерістерінің ашықтығын арттыру мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Көліктік бақылау бекеттері бейнемониторинг жүйесіне қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бір ай (тамыз) ішінде Көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығына 24 жылжымалы бекеттер қосылатын болады. Бұл шаралар республикалық маңызы бар жолдарда көліктік бақылау үдерістерінің ашықтығын арттыру мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні пилоттық жоба аясында аталған жүйеге Астана және Павлодар облысындағы көліктік бақылаудың жылжымалы бекеттері қосылған.

Естеріңізге салып өтейік, ағымдағы жылдың сәуір айында бейнемониторинг жүйесіне 12 стационарлық көліктік бақылау бекеттері қосылған болатын. Қорытындысында 2012 жылдың 3-ші наурызы мен 23-ші шілдесі аралығында жүкті рұқсат етілген мөлшерден асыра тиегені үшін ауыр жүк көліктерінің иелерінен өндіріп алынған айыппұлдар мен алымдар көлемі 264 млн. 411 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,4 есеге артық (2011 жылдың 3-наурызы мен 23- шілдесі аралығында стационарлық бекеттер 77 млн. 618 мың теңге өндіріп алған).

Жылжымалы бекеттер стационарлық көліктік бақылау бекеттері орнатылмаған аралық жол учаскелерінде немесе айналма жолдарда жолаушыларды, ауыр және қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын, жүргізушілердің еңбек тәртібі мен демалысын, рұқсат жүйелерін, сондай-ақ, ауыр жүк көліктерінің салмақ өлшемін сақтау мәселелерін тексереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны