23.02.2012, 14:18 3021

"Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы әлі де пысықталатын болады

Талқылауға ұсынылып отырған 2012 жылдың бюджет жобасында "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын іске асыруға 36 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл ретте инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға 11 млрд, ал тұрғын үйлерді салуға 25 млрд. теңге көзделеді.

Астана. 23-ақпан. Kazakhstan Today - "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы әлі де пысықталатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, талқылауға ұсынылып отырған 2012 жылдың бюджет жобасында "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын іске асыруға 36 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл ретте инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға 11 млрд, ал тұрғын үйлерді салуға 25 млрд. теңге көзделеді.

"Қолжетімді баспананы қамтамасыз ететін бағдарлама әлі де пысықтала түседі. Өйткені бұл бағытта жас отбасылар үшін компоненттер қаралатыны көзделіп отыр. Ал бюджетте дәл осы санатқа, яғни жас отбасыларға арналған баспана үшін 15 млрд. теңге қарастырылған", - дейді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны