13.05.2013, 13:11 4149

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері ертең Үкімет отырысында қаралады

Ертең 14 мамырда Үкімет отырысында "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын орындау барысын талқылау жоспарлануда, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Астана. 13-мамыр. Kazakhstan Today - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері ертең Үкімет отырысында қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ертең 14 мамырда Үкімет отырысында "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасын орындау барысын талқылау жоспарлануда, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай

Ибибуллаев.

"Үкімет отырысында "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы және еліміздегі құрылыс индустриясын дамыту мәселелері талқыланады", - деді А.Ибибуллаев.

Сонымен қатар, ол отырыста Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі жағдайлары мен перспективалары туралы баяндама жасайтынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны