23.01.2017, 21:19 4792

Командалық-штабтық оқу-жаттығу шеӊберінде әскери қызметшілер әскерлерді бір жерден екінші жерге ауыстыруды және жауынгерлік оқ атуларды жүзеге асырды

1 500-ден аса әскери қызметші мен 200-ден астам бірлік әскери техника жауынгерлік әзірлікке келтіруден бастап әскерлерді жауынгерлік арналым аудандарына алмастыруға дейінгі тұтас тапсырмалар кешенін пысықтады.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде өӊірлік қолбасшылықтар және әскер тектерініӊ құрамалары және әскери бөлімдері қатысқан командалық-штабтық оқу-жаттығу аяқталды,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

1 500-ден аса әскери қызметші мен 200-ден астам бірлік әскери техника жауынгерлік әзірлікке келтіруден бастап әскерлерді жауынгерлік арналым аудандарына алмастыруға дейінгі тұтас тапсырмалар кешенін пысықтады.

Оныӊ ішінде, оқу-жаттығу шеӊберінде Қазақстанныӊ батысында әскерлер 800 шақырымдық алмастыруды жасағаннан кейін белгіленген пунктке келісімен әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканы түсіруді жүзеге асырды. Одан кейін "Бейнеу" полигонына марш жасап, сол жерде жауынгерлік оқ атулар өткізді.

Еліміздіӊ оӊтүстігінде "Сарыөзек" полигонынан Қапшағай қаласыныӊ ауданында шоғырланған полигонға әскери техниканыӊ өз жүрісімен және үлкен жүкті тралдарда марш жасауы жүзеге асырылды.

Дәл сол уақытта Қазақстанныӊ шығысындағы "Шығыс" оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру, оқ атуды қамтамасыз ету, сондай-ақ, төмен температура кезінде ұдайы орналасу пунктіне марш жасауға дайындау мәселелері пысықталды.

"Астана" өӊірлік қолбасшылығында оқу-жаттығу аясында "Спасск" полигонында қолбасшылықпен жауынгерлік әзірлікке келтіру бойынша іс-шаралардыӊ іске асырылуы тексерілді. Өӊірлік қолбасшылық әскерлерініӊ, аумақтық қорғаныс бригадасы басқармасы мен әскери басқару органдарыныӊ жеке құрамы соӊғы кезеӊге, яғни, әскери жағдай режімін ұстап тұру жөнінде іс-қимылдарды пысықтауға кірісті.

Қазақстанныӊ Қарулы Күштерінде командалық-штабтық оқу-жаттығу 16 қаӊтарда бір уақытта, еліміздіӊ шығысы, батысы мен оӊтүстігініӊ бірнеше полигондарында басталғанын естеріӊізге сала кетейік. Оқу-жаттығудыӊ ниеті жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтіру, жұмылдыру іс-шараларын орындау, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалды таратпау кезінде әскерлердіӊ іс-әрекеті мәселелерін пысықтауға бағытталған. Жауынгерлік арналым ауданына қайта орналасу бойынша тапсырманы орындай отырып, әскери қызметшілер шаӊғымен ондаған шақырымды еӊсерді. Техниканы бір жерден екінші жерге алмастыру өзініӊ жүрісімен, теміржол көлігімен және тралдарда жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны