17.02.2015, 17:40 3900

Комитет отырысында үш заӊ жобасы қаралды

17 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заӊ жобасы қаралды

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заӊ жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасыныӊ негізгі мақсаты балаларды зиянды ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету, балалардыӊ жасына сәйкес келетін ақпаратты алуына және таратылуына құқықтарын іске асыру, сондай-ақ олардыӊ ақпарат кеӊістігіне жағымсыз ақпараттыӊ енуінен қорғау болып табылады, деп хабарлайды www.parlam.kz тілшісі.

Құжатта ақпарат өнімдерініӊ сараптама жүргізу тетіктері бекітілді, сарапшыларға қойылатын талаптар, сарапшылар мен сараптамалық ұйымдарды тіркеу тәртібі белгіленді, осы саланы реттейтін мемлекеттік органдардыӊ құзыреттері ажыратылды.

Комитет отырысында сондай-ақ "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заӊ жобасы заӊнаманы "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заӊ жобасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген болатын.

Негізгі заӊ жобасыныӊ тұжырымдамалық бағыттарын ескере келгенде осы заӊ жобасымен бірқатар заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр.

Комитет отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы да бірінші оқылымда қаралды.

Заӊ жобасыныӊ мақсаты қолданыстағы заӊнаманыӊ құқықтық олқылықтарын жою, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтардыӊ толыққанды медициналық қамтылуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Заӊ жобалары Палатаныӊ қарауына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны