24.06.2013, 13:42 3281

Коммуналдық салада шекті тарифтерді қолдану бюджетке түсетін салмақты азайтады

Табиғи монополиялар субъектілерін (ТМС) шекті тарифтерге көшіру ел бюджетіне түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Үкіметі отырысында.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Коммуналдық салада шекті тарифтерді қолдану бюджетке түсетін салмақты азайтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Табиғи монополиялар субъектілерін (ТМС) шекті тарифтерге көшіру ел бюджетіне түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Үкіметі отырысында.

"Біз ел бюджетіне салмақтың айтарлықтай азаюын байқайтын боламыз. Бұл экономика дамуының басқа да басымды және стратегиялық бағыттарына бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Министр айтып кеткендей, қазіргі уақытта табиғи монополия субъектілерінің шекті (инвестициялық) тарифтер бойынша жұмысқа көшірілуі жүзеге асырылуда.

"Бүгінде іс жүзінде Тұрғын үй шаруашылығы салаларында табиғи монополия субъектілері инфрақұрылымдарын жаңарту мен модернизациялаудың барлығы республикалық және жергілікті деңгейдегі бюджеттік қаражаттардың есебінен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, бюджеттік қаражаттардың тапшылығын ескере отырып, біз инфрақұрылым жаңару көлемінің төмен деңгейін және тозуының жоғары деңгейін байқаймыз", - деп толықтырды ол.

Республикадағы инфляцияны ұстап тұру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстың ескерілуімен шекті тарифтерге өту жыл сайын Экономикалық саясат кеңесі анықтайтын тарифтер өзгеруінің инфляцияға жол берілетін салымының шеңберінде жүзеге асырылатынын айта кету керек.

"Бүгінгі таңда іс жүзінде табиғи монополия субъектілерінің (ТМС) барлық салалардағы, әсіресе коммуналдық сектордағы жағдайы негізгі құралдардың физикалық және моральдік жағынан едәуір тозуымен, әлсіз техникалық жағдайымен суреттеледі. Осыған байланысты, жүргізіліп отырған тарифтік саясаттың негізгі мақсаты экономиканың реттелетін секторларына, оның ішінде жылу, су шаруашылығы, кәріз және электр желілері салаларына инвестиция көлемін ұлғайту болып табылады", - деп қортындылады Е.Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны