24.07.2017, 19:56 4812

"Көне Түркістан" концепциясы үш кезеӊмен жүзеге асырылатын болады

"Қазір "Көне Түркістан" концепциясыныӊ алғашқы кезеӊін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент. 24 шілде. Kazakhstan Today - Түркістан қаласын әлемдік деӊгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген "Көне Түркістан" концепциясы 3 кезеӊде жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардыӊ 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияныӊ басты бағыттарыныӊ бірі - туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласыныӊ әкімі Иліпбек Өсірбаев мәлім етті.

Қала басшысыныӊ айтуынша, Түркістанға биылғы жылдыӊ 6 айында 678 683 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 92 мыӊ 291 адамға артқан. Туристерден түскен табыс 1 млрд. 496,5 млн. теӊгені құрапты.

"Қазір "Көне Түркістан" концепциясыныӊ алғашқы кезеӊін іске асыру мақсатында Қожа Ахмет Яссауи кесенесініӊ қарсы бетінде орналасқан 12,8 гектар жер аумағында бұзылуға жататын 129 тұрғын үйді мемлекеттік қажеттілікке сатып алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сатып алу шаралары заӊ талаптарына сай іске асырылатын болады. Бұл жобаныӊ жалпы құны шамамен - 7 850,6 млн. теӊгені құрайды. Оныӊ ішінде - 1 290 млн. теӊге 129 үйді сатып алуға, 800,0 млн. теӊге инфрақұрылымға қаралған", - деді Иліпбек Шәріпбекұлы.

Сондай-ақ қаланыӊ оӊтүстік шығыс бетіндегі 45,0 гектар жер аумағына этносаябақ салу жоспарлануда. Этносаябақта ұлттық нақыштағы ойын-сауық орындары, ұлттық тағамдар мен сусындар ұсынатын нысандар, ашық аспан астындағы демалыс орындары мен киіз үйлер орналасатын болады. Осы этносаябақта туристерге орта ғасырлық көшелердіӊ көріністерімен сол кездіӊ мәдениетін тамашалай алатындай мүмкіндіктер жасалады. Сонымен қатар, облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштер жөнінде мағлұмат беретін ашық аспан астындағы макеттер орналастырылады. Саябақта ескі тарихи көлшік қайта қалпына келтіріледі.

Ал, үшінші кезеӊде орталық Есімхан алаӊымен Имір Темір көшесі аралығында С.Қожанов, Байбұрт көшесі, жаяу жүргіншілер арбатты қайта жарақтандырып, жаӊалау жоспарда бар.

Бұдан бөлек, қаладағы табиғи қорды пайдаланып емдік-сауықтыру туризмін дамыту көзделуде. Өйткені Түркістан қаласы аумағында жер асты термалды су жүйелерініӊ мол қоры бар. Осы су көздерініӊ қатарында құрамы "Трусковец" (Украина), "Витаутас" (Литва) және Ново-Ижевская (Удмуртия) емдік жер асты суларына теӊдес "Шипа-су" шипажайы орналасқан. Бүгінгі таӊда шипажай басшысымен келісіп, мекеменіӊ жұмысын жандандыру үшін тиісті шаралар жүргізілуде,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны