14.02.2007, 14:23 3105

Конституциялық кеңес адвокатура мәселері бойынша заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді Ата заңға сай келмейді деп таныды

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Конституциялық кеңес 2006-жылдың 30-қарашасында парламент қабылдап, 2006-жылдың 7-желтоқсанында президенттің қол қоюына ұсынылған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын Ата заңға сай келмейді деп таныды. Конституциялық кеңестің осы жөніндегі қаулысын бүгін кеңес төрағасы Игорь Рогов бүгін мәжілістің жалпы отырысында оқып берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Парламентте қабылданған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне адвокатура мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы Ата заңға сай келмейді деп тануды Конституциялық кеңес қаулы етеді. Бұл заңға президент қол қоюға және ол күшіне енуге тиіс емес. Конституциялық кеңестің қаулысы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ел аумағында жаппай орындалуға тиіс, бұл қаулыға қарсы шағымдануға болмайды", деп мәлімдеді И.Рогов.

Оның айтуынша, Конституциялық кеңес ел үкімет басшысының өткен жылғы 29-желтоқсандағы өтініші бойынша аталмыш заңның Конституцияға сәйкестігін қарауға кіріскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны