01.06.2007, 11:28 1308

Конституциялық кеңес еліміздің заңнамалық базасына толық ревизия жүргізу қажет деп санайды

АСТАНА. 1-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Конституциялық кеңесі Конституцияға енгізілген түзетулердің қабылдануына байланысты еліміздің заңнамалық базасына толық ревизия жүргізу қажет деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"ҚР "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының қабылдануы еліміздің саяси және құқықтық жүйесін модернизациялауға жасалған маңызды қадам болды",- деп мәлімдеді И.Рогов бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдалық ахуалы туралы" жыл сайынғы жолдауын таныстыру барысында.

"Жаңа заңда қарастырылған конституциялық жаңалықтар Қазақстанның демократиялық дамуындағы жаңа кезеңді ашумен бірге олар ең бастысы ел парламенті мен жергілікті өкілетті билік органдарының өкілеттілігі аясын кеңейтуге, саяси партиялардың ролі мен маңызын арттыруға, сот жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге бағытталған",- деп атап өтті кеңес төрағасы.

"Осыған байланысты Конституциялық кеңес бүгінгі таңдағы конституциялық міндет - бүкіл заңнамалық базаға терең ревизия жүргізу арқылы оларды жаңартылған Ата заңға сәйкестендіруге саяды деп санайды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны