30.06.2018, 12:39 7930

Конституциялық Кеӊес "Қазақстан Республикасыныӊ Қауіпсіздік Кеӊесі туралы" заӊды Республика Конституциясына сәйкес келеді деп тапты

ҚР Конституциялық Кеӊесі "ҚР Қауіпсіздік Кеӊесі туралы" және "ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне ҚР Қауіпсіздік Кеӊесініӊ қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊдарды Республика Конституциясына сәйкестігі жөніндегі ҚР Президентініӊ өтінішін қарап, оларды Республика Конституциясына сәйкес келеді деп тапты.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық Кеӊесі "Қазақстан Республикасыныӊ Қауіпсіздік Кеӊесі туралы" және "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊдарды Республика Конституциясына сәйкестігі жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентініӊ өтінішін қарап, оларды Республика Конституциясына сәйкес келеді деп тапты.

Нормативтік қаулыныӊ толық мәтіні ресми республикалық баспа басылымдарында жарияланатын болады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеӊесініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны