27.02.2008, 15:56 2710

Конституциялық кеңес өз-өзіне қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөніндегі Қылмыстық кодекстің баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөніндегі таныстыруды талқылауда

Конституциялық кеңес өз-өзіне қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөніндегі Қылмыстық кодекстің баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөніндегі таныстыруды талқылауда

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Конституциялық кеңес сотталғандардың өз-өзіне қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөніндегі Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтарын Конституцияға сәйкес емес деп тану жөніндегі Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының таныстыруын талқылауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл таныстыруды талқылау республиканың әділет министрі Зағипа Балиева қызмет бабындағы іссапармен жүруіне байланысты кейінге шегере тұруды сұраған үкімет басшысының өтінішіне сәйкес кейінге қалдырылған болатын.

Бүгінгі отырыс барысында парламент депутаттарының пікірлері мен Иділет минисрлігінің осы таныстыруға қатысты ұстанымы тыңдалды. Бұған қоса ғалымдардың сарапшылық қорытындылары жария етілді. Атап айтсақ, мәжіліс депутаты Николай Турецкийдің айтуынша, "бұл норманың тазалығына белгілі бір күдік-күмән мен сын айтуға болады".

"Норманың тақырыбында "береке кетіру" деген сөз қолданылса, жаңа редакцияның мәтінінде - "тұрақсыздандыру" сөзі пайдаланылған. "Береке кетіру" сөзі норма талаптарына толық сай келеді және ол тәртіп бұзу, қалыптасқан ұйымға жаңа форма енгізбей іріткі салу, ырғақты іс-әрекетті бұзуды білдіреді. Ал "тұрақсыздандыру" сөзі экономикалық терминге, экономикалық процестердің белгіленген қарқыны мен серпінін бұзуға жақын", - деді депутат.

Сонымен бірге Н.Турецкий Конституцияның 17 бабының 2 тармағына сәйкес "ешкім де азапталуға, жазалануға тиіс емес".

"Қорытындылай келе, норманың тазалығына келетін болсақ, ол даусыз түрме әкімшілігіне кәнігі қылмыскерлердің бас бостандығынан айыру мекемелерінде бас көтеруіне жол бермеу үшін, әкімшілік сотталғандарды расында да түзету ісімен біржақты айналысуы үшін тәртіпті мейлінше қатаң бақылауға алуға мүмкіндік береді".

"Бас бостандығынан айыру мекемелерінде адам құқығы сақталуға тиіс, мемлекеттік органдар жазаны өтеудің нақ осы тұсын бақылап, тексеріп отыруға тиіс", -деді ол.

Иділет министрі З. Балиева отырыс барысында заң ғылымының докторы Сардар Рахметов, заң ғылымының докторы Асылбек Смағұлов, заң ғылымының кандидаты Нұрсат Байжанов пен басқа да адамдардың сарапшылық қорытындыларын конституциялық өндіріс материалдарына біріктіру туралы өтініш жасады. "Олардың бәрі де Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтары Конституцияға қайшы емес дегенді айтады", - деді министр.

Министрліктің ұстанымына тоқталған З. Балиева Қапшағай қалалық сотының танытсыруы мұқият зерделенгенін жеткізді. "Баптардың аталған нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сай деп санаймыз", -деді ол.

Оның пікірінше, " 2007 жылдың 26 наурызындағы заңмен мекемелер азаматтардың денсаулығын қорғауды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмай келген ақтаңдақ жойылды".

"Сөйтіп, 2007 жылдың 26 наурызындағы заң азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі конституциялық құқықтан туындайды және түзету мекемелерінде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған", - деді З. Балиева.

"Өз -өзіне қол жұмсау - Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің 19 бабының 2 тармағында қарастырылған өз пікірін білдірудің бір түріт деген тұжырым қисынға келмейді, өйткені, өз-өзіне қол жұмсау адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге емес, бір топ адамды ұстаудың белгіленген тәртібін бұзуға бағытталған", - деді министр.

Конституциялық кеңетің шешімі жарияланатын мерзім соңыра мәлім болмақ

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны