27.02.2008, 19:22 2884

Конституциялық кеңес өз-өзіне қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөніндегі Қылмыстық кодекстің баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тапты

Конституциялық кеңес өз-өзіне қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөніндегі Қылмыстық кодекстің баптарын Конституцияға сәйкес емес деп тапты

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Конституциялық кеңес сотталғандардың өз-өзіне қол жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу жөніндегі Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтарын Конституцияға сәйкес емес деп тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгінгі отырыс барысында парламент депутаттарының пікірлері мен Иділет минисрлігінің осы таныстыруға қатысты ұстанымы тыңдалды. Бұған қоса ғалымдардың сарапшылық қорытындылары жария етілді. Атап айтсақ, мәжіліс депутаты Николай Турецкийдің айтуынша, "бұл норманың тазалығына белгілі бір күдік-күмән мен сын айтуға болады".

Сонымен бірге Н.Турецкий Конституцияның 17 бабының 2 тармағына сәйкес "ешкім де азапталуға, жазалануға тиіс емес", деді.

"Қорытындылай келе, норманың тазалығына келетін болсақ, ол даусыз түрме әкімшілігіне кәнігі қылмыскерлердің бас бостандығынан айыру мекемелерінде бас көтеруіне жол бермеу үшін, әкімшілік сотталғандарды расында да түзету ісімен біржақты айналысуы үшін тәртіпті мейлінше қатаң бақылауға алуға мүмкіндік береді".

"Бас бостандығынан айыру мекемелерінде адам құқығы сақталуға тиіс, мемлекеттік органдар жазаны өтеудің нақ осы тұсын бақылап, тексеріп отыруға тиіс", -деді ол.

Иділет министрі З. Балиева отырыс барысында заң ғылымының докторы Сардар Рахметов, заң ғылымының докторы Асылбек Смағұлов, заң ғылымының кандидаты Нұрсат Байжанов пен басқа да адамдардың сарапшылық қорытындыларын конституциялық өндіріс материалдарына біріктіру туралы өтініш жасады. "Олардың бәрі де Қылмыстық кодекстің 341-ші бабының 1 және 4 тармақтары Конституцияға қайшы емес дегенді айтады", - деді министр.

Министрліктің ұстанымына тоқталған З. Балиева Қапшағай қалалық сотының таныстыруы мұқият зерделенгенін жеткізді. "Баптардың аталған нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сай деп санаймыз", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны