08.10.2009, 10:15 2529

Конституциялық кеңес үкімет басшысының Кеден одағын құру жөніндегі келісімдер бойынша қолдануда Конституцияның 4-бабының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады

Конституциялық кеңес үкімет басшысының Кеден одағын құру жөніндегі келісімдер бойынша қолдануда Конституцияның 4-бабының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Конституциялық кеңес үкімет басшысының Кеден одағын құру жөніндегі келісімдер бойынша қолдануда Конституцияның 4-бабының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Конституциялық кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқық нормалары, атап айтқанда, Кеден одағын құру жөніндегі келісімдер негізінде құрылатын халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің құқықтық мәртебесіне қатысты қолдануда Конституцияның 4-бабының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады.

Осы ұсынысты қарау бойынша Конституциялық кеңестің отырысы өтетін күн қосымша хабарланады, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны