22.05.2007, 14:57 3207

Конституциялық заңдар жобасының топтамасы парламентке бүгін-ертең енгізіледі - үкімет басшысы

АСТАНА. 22 - мамыр. Kazakhstan Today. Конституцияның өзгеруіне байланысты түзетулер енгізілуге тиіс Конституциялық заңдардың топтамасы парламентке бүгін-ертең енгізіледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елбасы жаңа Конституцияға қол қоюына байланысты мен барлықтарыңызды құттықтағым келіп отыр: ол бүгін баспа бетіне жарияланады, біз дамудың басқа кезеңінде өмір сүрудеміз. Осыған байланысты қазір президент әкімшілігіне бірқатар заң жобалары - "Президент туралы", "Үкімет туралы", "Сайлау туралы" заңдар жатыр, олар бүгін-ертең енгізіледі (парламентке)", деді К. Мәсімов.

"Көбінесе біздің жұмысымыздың регламенті өзгереді, сондықтан да мен кеңсеге Иділет министрлігімен бірлесе отырып заң жобаларының парламентте өтуімен қатар барлық қажетті қаулылар мен регламенттерді ойластыруды тапсырамын, себебі менің пайымдауымша, осы заңдардың барлығы да шұғыл тәртіпте қабылданатын болады",- деп қосты ол.

"Енді үкімет отырысы көбірек болады, себебі біз сырттай қабылдап жүрген көптеген шешімдер енді ашық талқылануға тиіс",- деп атап көрсетті үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны