01.06.2007, 11:15 1344

Конституцияның жекелеген нормалары заңдық тұрғыда жеткілікті дамыған жоқ - Конституциялық кеңес

АСТАНА. 1-маусым. Kazakhstan Today. Конституцияның жекелеген нормалары заңдық тұрғыда жеткілікті дамытылған жоқ, деп мәлімдеді Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов.

"Конституциялық заңдылық ахуалының бір маңызды көрсеткіші - Ата заңның әлеуетін дер кезінде және толық пайдалануға саяды. Осыған орай Конституцияның жекелеген нормалары әлі де заңдық тұрғыда жеткілікті дами қойған жоқ, Конституцияда қарастырылған жекелеген институттар да құрылмаған",- деп мәлімдеді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдалық ахуалы туралы" жыл сайынғы жолдауын таныстырған кеңес төрағасы Игроь Рогов.

И.Роговтың айтуынша, "конституцияның үкіметке, жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдарына Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тиісті арнаулы заңға сәйкес мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайларды жасауды міндеттейтін ережелері тиімді орындалмай отыр".

Сонымен бірге, "заңнама жүзінде және тәжірибеде соттарды қаржыландыру және судьяларды баспанамен қамтамасыз ету әділеттіліктің толыққанды әрі тәуелсіз іске асырылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс деген конституциялық талап толық орындалған жоқ".

"Конституциялық бақылау тәжірибесіне жасалған жалпылама қорытынды заң шығару процессіне қатысушылардың Конституциялық кеңестің заң шығару арқылы жауап беруді талап ететін нормативтік қаулыларын дер кезінде және толық орындамайтындығын көрсетті",- делінген Конституциялық кеңестің жолдауында.

"Конституциялық кеңестің бұдан бұрынғы жолдауларында айтылған кейбір құқықтық-нормативтік актілердің Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңмен ғана шектелетіндігін белгілейтін Конституцияның 39-бабы, 1-тармағына сәйкестендірілмеген",- делінген мәтінде. Атап айтсақ, жолдауда атап көрсетілгеніндей, "кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және реабилитациялау орталықтарында, медициналық айықтырғыштарда, қабылдап таратқыштарда, нашақорлық, токсикомания мен маскүнемдіктен мәжбүрлі емдеу мақсатындағы арнаулы емдеу-профилактикалық мекемелерінде ұстау шарттары мен тәртіптері күні бүгінге дейін заңмен бекітілмеген",- делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны