13.02.2014, 19:19 5396

Көп деңгейлі дипломатияны дамыту - еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі факторы

"Егер осыған дейін мемлекет мүддесін қорғауға айтарлықтай басымдық берілсе, бүгінде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, соның ішінде жалпы азматтардың және жеке әрбір қазақстандықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қарай бет алуда",-деп түсіндірді ол.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылғы 13 ақпан күні Сыртқы саяси ведомство басшысының төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысы болып өтті.

Жиынға ҚР СІМ басшылығы, ҚР Президентінің көмекшісі Ержан Қазыханов, ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің Төрағасы Мәулен Ишімбаев, ҚР Парламент Сенатының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі, Депутат Бірғаным Ийтімова, Президент Икімшілігінің, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сыртқы саяси ведомство басшылығының алқа отырысындағы күн тәртібінің негізгі бөлігі ҚР Президентінің "Қазақстандық жол: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларын талқылауға арналды.

Сыртқы істер министрі өз сөзінде атап өткендей, бұл Жолдаудың маңыздылығы Мемлекет басшысының ел халқын гүлденген, жемісті Қазақстанды құруға бірігіп атсалысуға шақыруы мен Стратегия-2050 мақсаттарына қол жеткізу үшін дамыған демократиялық қоғамда өмір сүргісі келетін әр азаматтың жеке қатысуы мен белсенді ұстанымының қажеттілігінде жатыр.

Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларына жету үшін қолайлы сыртқы жағдай тудыру сыртқы саяси ведомствосының ең маңызды басымдығы болып табылады. Осы орайда Е.Ыдырысов жақында Президентпен бекітілген және "2050 Стратегиясының" негізгі қағидалары аясында құрылған Қазақстанның 2020 жылға дейін арналған жаңа сыртқы саяси тұжырымдамасының ерекше маңыздылығын атап өтті.

Министр сыртқы саясат Тұжырымдамасында дәстүрлі ұстанымдармен қатар басқа да жаңа сыртқы саяси қызметтің басым бағыттары айқындалды деп атап өтті. "Егер осыған дейін мемлекет мүддесін қорғауға айтарлықтай басымдық берілсе, бүгінде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, соның ішінде жалпы азматтардың және жеке әрбір қазақстандықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қарай бет алуда",-деп түсіндірді ол.

ҚР Сыртқы саяси бағытына тоқтала келе, сыртқы істер министрі Қазақстан саясаты алдағы уақытта да теңдестірілген, бір ізді және прагматикалық қағидаларға негізделетін болады деп атап өтті.

"Біз Қазақстанның ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешуге қатысуын, сыртқы саясаттың стратегиялық ресурсы ретінде көп деңгейлі дипломатияны дамытуын еліміздің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі факторы деп білеміз",-деді Е.Ыдырысов.

Сонымен қатар, алқа отырысы барысында 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстан кандидатурасын ұсыну жоспарын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы аймақтың өзекті мәселелеріне халықаралық қауымдастық назарын аударуға және оларды шешуге, сонымен қоса халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді реттеуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Сондай-ақ, алқа жиынына қатысушылар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық мәселелері, еуразиялық және орталық азиялық интеграция мәселелері, Ауғанстандағы және Сириядағы жағдайды тұрақтандыру, Украинадағы саяси дағдарысты реттеу және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер талқыға салынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны