25.12.2013, 21:16 6871

Қордай ауданында 3 шекаралық застава ашылды

"Оңтүстік" өңірлік басқармасының Қордай шекара жасағына қарасты Сартөбе, Өтеген, Қасық заставасының ашылу салтанаты болып өтті, деп Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады.

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan today. "Оңтүстік" өңірлік басқармасының Қордай шекара жасағына қарасты Сартөбе, Өтеген, Қасық заставасының ашылу салтанаты болып өтті, деп Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады.

"Жаңа застава қазақ-қырғыз шекарасынан үш шақырым қашықтықта орналасқан. Сарбаздар Шу өзенінің бойындағы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын шекаралық аумақты күзетеді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін шекарашылар әскери лашықтарда өз міндеттерін атқарып келген болса, енді Отан алдындағы азаматтық парызын жаңа кешенде өтемек. Бұл күні сондай-ақ жаңадан соғылған "Қасық" және "Өтеген" шекара заставалары да пайдалануға берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны