10.07.2014, 19:46 3509

Қордай ауданында тағы екі елді мекенге газ жеткізілді

Астана күні қарсаңында Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Степное және Сарыбұлақ ауылдарына газ берілді.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Астана күні қарсаңында Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Степное және Сарыбұлақ ауылдарына газ берілді. Аудан әкімінің орынбасары Қуат Иманәлиев және "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Мұқан Сәдуақасов салтанатты түрде алау жағып, 109 ұрғын үйге газ беретін алғашқы шкафтық газ тарату пунктін (ШРП) іске қосты,- деп хабарлайды "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

Осылайша әжелеріміз бен аталарымыздың көптен аңсаған арманы жүзеге асты. "Көгілдір отынның ауылымызға кіргені үлкен жаңалық болды. Енді отын сатып алу үшін зейнетақыны жинаудың қажеті жоқ және қыстың көзі қырауда көмір тасып, ағаш жарып қиналмаймыз. Бұдан үлкен бақыт жоқі" дейді олар. Ал Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, зейнеткер Қарлығаш Дидебаева ағаш жармай-ақ, газға су қайнатып, отбасына шай берді.

680 үйі бар Сарыбұлақ ауылындағы газ құбырының ұзындығы 22 шақырымнан асады. Ал Степное ауылында 596 үйге газ кіргізу үшін 20 шақырымнан астам құбыр тартылуда.

Бұл екі ауылдан өзге Қордай ауданының Жамбыл, Бетқайнар, Қақпатас, Қайнар, Жаңатұрмыс, сонымен қатар Шу ауданындағы Көкқайнар, Белбасар, Еңбекші, Жаңажол елді-мекендеріне құбыр тартылуда.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2012 жылы іске қосқан "Қордай-Шу" газ құбырының салынуы аталған елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге жол ашқан болатын. Компанияның бұл ірі инвестициялық жобасы 100 мыңнан астам адам тұратын 30 елді мекен мен Шу қаласын газбен жабдықтауға мүмкіндік беріп отыр. Газ "Бұхара - Ташкент - Бішкек - Алматы" магистралды газ құбырынан алынуда. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ 2002 жылы сәуірде құрылған. "ҚазТрансГаз" АҚ - жалғыз акционері болып табылады . ҚТГА қызметтері тарату құбыр жолдары арқылы газды тасымалдауға, тұрғындарды, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды үздіксіз және апатсыз газбен жабдықтауға, инфрақұрылымдарды басқаруға бағытталған. Бүгінгі күні ҚТГА Қазақстанның 9 газдандырылған аймағында - Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында қызмет көрсетеді. ҚР тауар газын өткізу нарығының 90% иеленеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны