25.12.2014, 18:21 3479

Қордыӊ 7 шағын несие ұйымындағы үлесі сатылды

Жекешелендірудіӊ екінші толқыны аясында биыл "ҚазАгро" Холдингініӊ еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - жеті шағын несие ұйымыныӊ жарғылық капиталындағы өз үлесін сатты.

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жекешелендірудіӊ екінші толқыны аясында биыл "ҚазАгро" Холдингініӊ еншілес компаниясы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ - жеті шағын несие ұйымыныӊ жарғылық капиталындағы өз үлесін сатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш шешім "2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудіӊ кешенді жоспарын бекіту туралы Үкімет қаулысын орындау мақсатында жүзеге асырылған. Бұл құжат бойынша ағымдағы жылы қордыӊ 8 шағын несие ұйымындағы үлесі сатылуы тиіс.

Сонымен, қазіргі таӊда "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" 7 шағын несие ұйымындағы өз үлесін сатты. Атап айтқанда, олардыӊ қатарында "Түркістан-Агро" ШНҰ", "Аю-Тас-Қаржы" ШНҰ", "Алдияр-Несие" ШНҰ", "Қордай" ШНҰ", "Жуалы-Рантье" ШНҰ", "Шалқар-Несие" ШНҰ, "Ауылшаруышылық несие" ШНҰ" ЖШС кәсіпорындары бар.

Қордыӊ үәкілетті органы тағы екі шағын несие ұйымы бойынша келісім-шарттарды мақұлдау туралы шешім қабылдады - "АуыртауҚаржыСолтүстік" ШНҰ" мен "Жаӊа-Қаржы" ШНҰ" ЖШС-дегі Қордыӊ үлесін сату бойынша. Бұл келісімдер жылдыӊ соӊына дейін жасалынады деп жоспарлануда.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігініӊ банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордыӊ негізгі міндеті - қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарыныӊ қол жетімділігін арттыру.

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

Холдинг құрамына "Азық түлік келісім шарт корпорацициясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ, "ҚазагроӨнім" АҚ, "ҚазАгрогарант" АҚ, "ҚазАгромаркетинг" АҚ кіреді.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны