19.03.2009, 18:04 3139

Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қарағанды гарнизонында жұмыс сапарымен болады

Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қарағанды гарнизонында жұмыс сапарымен болады

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық мерекеміз - Наурыз мейрамы қарсаңында Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қарағанды гарнизонында жұмыс сапарымен болып, облысқа қарасты Ақтас, Саран елді мекендерінде шоғырланған бөлімдердің әскерилеріне пәтер кілттерін салтанатты табыс етеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жолғы қоныс тойын тойлаушылардың саны 160 адамды құрайды.

Сонымен қатар, күрделі жөндеуден өткен оқу және әкімшілік корпустары әскерилердің игілігіне қайыра пайдалануға беріліп отыр.

Искери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету Қорғаныс ведомствосының алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады. Бұл проблема 2007 жылдан бастап өз шешімін таба бастады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы мәселенің шешімін табуы әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына ғана емес, армияның жауынгерлік даярлығы мен әскери қызметтің беделін арттыратынын жақсы түсінеді.

Қорғаныс министрлігі қордаланып қалған мәселелердің шешімін табу үшін 2008-2011 жылға тұрғын үй құрылысы мен күрделі жөндеу бойынша көлемді бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Осы бағдарлама шеңберінде Қорғаныс министрі бекіткен ҚР Қарулы Күштерінің инфрақұрылым трансформациясының жоспарына сәйкес жыл сайын 75 мың шаршы метр тұрғын үй салу жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, қазіргі таңда әскери қалашықтарды бір ізге түсіру бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Оның қатарында спорттық-сауықтыру кешендері, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер және мәдени-демалыс нысандары бар.

Жыл басынан бері Алматы, Приозерск, Қапшағай гарнизонының әскери қызметшілері қоныс тойын тойлап үлгерді.

Өңірге жұмыс сапары барысында Д. Ахметов гарнизонның жеке құрамымен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылауға қатысады. Облыстың жаңадан сайланған қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Т. Амангелдиевті таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны