27.01.2010, 13:10 3508

Қорғаныс министрі еліміздің батысындағы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары мен әскери бөлімдердегі жағдаймен танысты

Қорғаныс министрі еліміздің батысындағы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары мен әскери бөлімдердегі жағдаймен танысты

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрі еліміздің батысындағы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары мен әскери бөлімдердегі жағдаймен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қораныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болып қайтты. Қорғаныс ведомствосының басшысы Орал қаласындағы "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы АҚ және "Зенит" Орал зауыты" АҚ-да болып олардың материалдық-техникалық базасымен танысты.

"Бұл ретте ұлттық қорғаныс өнеркәсіп кешенінің дамып келе жатқанын атап өту керек. Былтырғы жылдың соңында "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ-да өндірілген жаяу әскер жауынгерлік машинасына арналған 30 милиметрлік автоматты пушканың снарядтары сынақтан өткенін айта кету керек",- делінген хабарламада.

"Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының" кәсіпорындарында снарядтар жасау жолға қойылды, зауыт шеңберінде жасалған сынақтар қорытындысы өнімнің жоғары сапалы екендігін көрсетіп, әскеріміздің кәдесіне жарайтын болады", - деп атап өтті қорғаныс министрі. Сондай-ақ бұл жерде "Утес" зеңбірегі де шығарылатын болады.

Қорғаныс ведомствосы Орал зауытында артиллерияға арналған ауыр, және жақын ұрыс қаруына арналған жеңіл оқ-дәрілерді өндіруге жағдай жасауда. Өз кезегінде өндіріс басшылары әскерге арналған өнім түрін ұлғайтуды көздеп отыр.

Қорғаныс министрі "Зенит" зауытының техникалық және өндірістік мүмкіндіктері теңіз кемесінің корпустық конструкциясын жөндеу мен жетілдіру, жобалау, жасау және қайта жарақтандыру тұрғысындағы жұмыстар жүргізуге ресейлік теңіз регистрі талаптарына сай екеніне көз жеткізді. Бұл дегеніміз заводқа 500 тоннаға дейінгі су сыйымдылығы бар кемелер мен басқа да жүзу құралдарын шығаруға мүмкіндік береді және Орал өзені бойымен Каспий теңізіне дейін тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Қару-жарақ және әскери техниканың жаңа үлгілерімен жарақтандыру шеңберінде отандық кәсіпорындар базасында Қазақстан әскерін кеме және қайықтармен толықтыруға жол ашады. Зауыттың бас директоры Вячеслав Валиев Қорғаныс министріне шағын зымырандық-артиллериялық кеме жайында түсініктеме берді. Ол жақын болашақта Қарулы күштер қатарына қосылып, республикамыздың Искери Доктринасы талаптарына сай жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын болады.

Иділбек Жаақсыбеков кәсіпорындар басшыларын мамыр айына жоспарланған Астана қаласында өтетін "КADEX - 2010" қару-жарақ, әскери техника және әскер мүліктің бірінші Халықаралық көрмесі болатынын хабардар етіп, оған белсенді түрде қатысуларын сұрады.

Атырау қаласында Қорғаныс ведомствосының басшысы осы өңірдегі бірқатар әскери бөлімдерге ат басын тіреді. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасында болып әскерлер қолбасшысы генерал-майор Имір Халықов, оның орынбасарлары және бөлім командирлерімен сөйлесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны