22.02.2007, 14:27 3062

Қорғаныс министрі құлаған ұшақ ұшқыштарының іс-әрекеттерін ерлікке балады

ҚАРАҒАНДЫ. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қарағанды маңында құлаған ұшақ ұшқыштарының іс- әрекеттерін ерлікке балады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ұшқыш Федотов пен Леонтьев ерлік жасады. Олардың 15 секунд ішінде бортты тастап шығатын мүмкіндіктері болған, дегенмен, олар бұл оқиғаның әуежай маңында болғандығын ескере отырып (басқа адамдардың мерт болуына жол бермеу үшін) және де ұшақты аман алып қалу үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті жасады",- деп хабарлады журналистерге бүгін Қарағанды облысының "Сарыарқа" авиабазасына барған Даниал Ахметов.

Даниал Ахметовтың сөздеріне сүйенсек, мерт болған ұшқыштарға қаһарман атағын беру туралы мәселе қарастырылады. "Қазір қара жамылған отбасыларына барлық материалдық көмектер көрсетілді",- деп қосты ол.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов мұндай оқиғалардың қайталнбауы үшін күш салуға уәде берді. "Біз алдағы жылдары мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз",- деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның қорғаныс министрлігіне тиесілі МИГ-31 әскери ұшағы 16-ақпан, жұмада Қарағандының маңайында жүргізілген жаттығу кезінде құлаған болатын. Екі әскери қызметкерден, 28 жастағы авиация эскадрильясы командирінің орынбасары Денис Федотов пен 32 жастағы штурман Андрей Леонтьевтен тұратын ұшақ экипажы қаза тапқан.

Болған жағдай мен апат салдарын тексеруші комиссияның алдын-ала жасаған мәліметтері бойынша, ұшақ пилотаждық -навигациялық жабдықтың істен шығуының салдарынан құлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны