20.02.2007, 15:29 3008

Қорғаныс министрі МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

АСТАНА. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Қорғаныс министрі Даниал Ахметов МИГ-31 ұшағының құлауына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министр ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтауды өзінің жеке бақылауына алу үшін Біріккен Араб Имірліктеріне "Idex-2007" халықаралық әскери қару-жарақтар көрмесіне қатысуға барған іссапарын аяқтамай, елге оралды.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанның қорғаныс министрлігіне тиесілі МИГ-31 әскери ұшағы 16-ақпан, жұмада Қарағандының маңайында жүргізілген жаттығу кезінде құлаған болатын. Екі әскери қызметкерден тұратын ұшақ экипажы мерт болған.

Болған жағдай мен апат салдарын тексеруші комиссияның алдын-ала жасаған мәліметтері бойынша, ұшақ пилотаждық -навигациялық жабдықтың істен шығуының салдарынан құлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны