14.05.2014, 21:34 2374

Қорғаныс министрі Тараз гарнизонында болды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде жұмыс сапарымен болды.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде жұмыс сапарымен болды.

Луговой бекетінде С. Ахметов дербес мотоатқыштар батальонымен, сондай-ақ танк батальонымен танысты. Б. Момышұлы кентінде шоғырланған Қазақстандағы бірден-бір дербес тау-егері полкында болды, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Таразда министр "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында, дербес тау-атқыштары құрамасында және гарнизондық әскери госпитальде болды.

С. Ахметов Тараз гарнизонындағы бөлім командирлерімен болған кеңесте Мемлекет басшысы назар аударып отырған еліміздің оңтүстігінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалардың маңыздылығын атап өтіп, әскерлердің даярлық сапасы мен әскери қызметшілердің машығын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

С. Ахметов әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жоғары деңгейде ұстап тұрудың, кәсіби және жауынгерлік даярлық сапасын арттырудың, жоғары әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтіп, өңірлік қолбасшылық басшылығына шалғайдағы бөлімдер мен бөлімшелерге, әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысына айрықша көңіл бөлу туралы тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны