08.05.2007, 14:51 2954

Қорғаныс министрлігі 2008-жылы әскерилерге арнап мыңдай пәтер салады

ҚАРАҒАНДЫ. 8-мамыр. Kazakhstan Today. Қорғаныс министрлігі 2008-жылы әскерилерге арнап мыңдай пәтер салады. Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов Қарағандыда қаза тапқан ұшқыштардың отбасыларын мемлекеттік сыйлықтармен марапаттау барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен келесі жылы Қарулы күштер жоғары бас қолбасшының тапсырмасымен әскерилерге арнап мыңдай пәтер салады деп сенемін. Тұрғын үй құрылысының көлемін біз бұдан былай да арттыра түсетін боламыз",- деді Д.Ахметов.

Ол қазіргі таңда 5 мыңдай қазақстандық әскерилердің баспана алуға кезекте тұрғанын еске салды. "Біз президенттен алған тапсырмаға сәйкес биылдан бастап әскерилерге арнап тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыра бастаймыз",- деді қорғаныс министрі.

"Бұл орайда біз президенттің Қарулы күштер саласы тұрғын үй тауқыметін шеше отырып, әскерилердің өмірінің әлеуметтік жақтарына да назар аударуды талап етіп отырғанын түсінеміз. Біз әскерилердің отбасыларында ойдағыдай әлеуметтік мүмкіндіктердің болғанын, олар үшін балабақшалар, мектептер мен спорттық мекемелердің жұмыс істегенін қалаймыз",- деді Д.Ахметов.

Сонымен бірге министр Отан қорғаушылар күніне арналған кешегі салтанатты жиында президенттің әскеилердің атағына қарай лауазымдық жалақысының көлемін көтеруге қатысты шешім қабылдағанын жария еткенін еске салды. "Бұл әскерилердің лауазым баспалдақтарымен көтерілуі үшін айрықша маңызды фактор",- деді мекеме жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны