14.06.2006, 18:29 2729

Қорғаныс министрлігі әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының жобасын жасады

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Қорғаныс министрлігі жинақ есепшоттары жүйесін құру арқылы әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының жобасын жасады. Бұл туралы бүгін өткен жұмыс тобының отырысында ҚР қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қозы Көрпеш Жаңбыршин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне қызмет етуге келген әскерилер Тұрғын үй құрылысы жинақ ақша банкінде жинақ есепшотын ашу құқығына ие болмақ. Оған ай сайын бюджеттен ақша аударылып отыратын болады”,- деді Қ.Жаңбыршин.

“Ай сайынғы салым үш адамнан тұратын отбасы үшін 20 жылдан кейін аумағы 75 шаршы метрден кем болмайтын 3 бөлмелі пәтер сатып алуға жететіндей мөлшерде болуға тиіс”,- деді ол.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру әскерилердің баспана тауқыметін шешуге мүмкіндік беруге тиіс, деп санайды Қ.Жаңбыршин. “Осындай жолмен тұрғын үйлерді тарату жүйесі келмеске кетеді”,- деді ол.

“Бағдарлама қабылданғаннан кейін мемлекет 800 офицерге жылына 200 млн. теңгеден аспайтын көлемде қаржы жұмсайтын болады”,- деді министрдің орынбасары.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, министрлік жүйесінде 3 мыңдай әскери қызметкер баспанаға мұқтаж.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны