01.10.2008, 13:45 1487

Қорғаныс министрлігі азаматтарды күзгі әскерге шақыру науқанын бастады

Қорғаныс министрлігі азаматтарды күзгі әскерге шақыру науқанын бастады

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлігі 1 қазанда 1981?1990 жылдары туған азаматтарды күзгі әскерге шақыру науқанын бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шақырылушыларды Қарулы Күштерге қабылдау бір ай көлемінде үш деңгейде өткізілетін болады. Қалған әлеуетті күштерге азаматтарды мерзімді қызметке шақыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Сондай-ақ, биылғы күзде әскерге шақырылатын жастардың саны - 8000. Бұл көрсеткіш 2006 жылғы күзгі шақырумен салыстырғанда екі есеге артып отыр.

Еліміз бойынша барлық облыстардағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда әскери-медициналық комиссиялар құрылды. Шақыру қарсаңында Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жауапты тұлғалардың басын қосқан әдістемелік-нұсқамалық жиындар өткізіп, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге командалардың сапалы және толық қалыптасуы үшін басқару органдары мен әскери бөлімдерден өкілдер жіберілді.

Биылғы жылы да әдеттегідей, әскерге шақырылушылардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінетін болады. Осы мақсатта әскери-медициналық комиссиялардағы дәрігерлердің оңтайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Олардың құрамы тәжірибелі мамандармен толықтырылды.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру?жұмылдыру жұмыстары департаменті мен Искери?медициналық қамтамасыз ету басқармасының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді.

Мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру барысын Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер араласа толықтыру (аумақтық және аумақтан тыс) принципі бойынша жүргізеді.

Искерге іріктеу кезінде таңдау техникалық білімі бар, шет тілдері мен компьютерді еркін меңгерген, сондай-ақ әскери-техникалық мектептерді бітірген жастарға түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны