07.02.2014, 18:28 67233

Қорғаныс министрлігі мен Алматы әкімдігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы келісті

Маңызды шара барысында Меморандумға қол қоюшы тараптар бұл істі жүзеге асыруда жергілікті басқару органдарына, жастар ұйымдары мен білім беру саласының қызметкерлеріне, мектептердегі алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдеріне, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың оқытушыларына, әскери-патриоттық клубтар жетекшілеріне зор сенім артылып отырғандығын атап өтті.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігі мен Алматы әкімдігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы келісті.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, аталмыш меморандумға қолды ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрии Ильин қойды.

"Елбасы "Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттық патриотизм мәселесіне арнайы тоқталып, жастарға патриоттық тәрбие беруге айырықша назар аударғандығы белгілі", - деді С. Жасұзақов.

Маңызды шара барысында Меморандумға қол қоюшы тараптар бұл істі жүзеге асыруда жергілікті басқару органдарына, жастар ұйымдары мен білім беру саласының қызметкерлеріне, мектептердегі алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдеріне, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың оқытушыларына, әскери-патриоттық клубтар жетекшілеріне зор сенім артылып отырғандығын атап өтті.

Бұдан кейін генерал-полковник С. Жасұзақов ҚР ҚМ Искери техникалық мектебінің бастығы полковник Мирас Жылгелдиновке мектептің жеке туын табыс етіп, жеке құрамды осы оқу орнының базасында құрылған әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы жұмысының басталуымен құттықтады.

Сонымен, еліміздің облыс орталықтарында жұмыс істеп тұрған әскери-патриоттық тәрбие беру орталықтарының саны тағы біреуге артып отыр.

Ол Алматы қаласының жастарын әскери-патриоттық тәрбиемен сусындатып, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, ел қорғауға тәрбиелейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны