24.02.2016, 20:08 4581

Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратыныӊ әскери қызметшілері дабыл бойынша көтерілді

Бүгін, 24 ақпанда ҚР Қорғаныс министрініӊ нұсқауы бойынша "Айбалта - 2016" оқу-жаттығуы шеӊберінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабыныӊ департаменттері және бас басқармалары дабыл бойынша көтерілді

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 24 ақпанда ҚР Қорғаныс министрініӊ нұсқауы бойынша "Айбалта - 2016" оқу-жаттығуы шеӊберінде ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабыныӊ департаменттері және бас басқармалары дабыл бойынша көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғаш рет Орталық аппараттыӊ әскери қызметшілері жиналғаннан кейін Астана қаласындағы әскери бөлімдердіӊ бірініӊ маӊында өрістетілген далалық лагерьге жол тартты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Бүгінгі іс-шара стратегиялық деӊгейдегі басқару органдарын даярлаудыӊ құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан "Айбалта - 2016" оқу-жаттығуы фонында бізге әскерлерді басқару мәселелерін шынайы пысықтауға тура келеді. Қорғаныс министрлігі мен Бас штабы жеке құрамыныӊ далалық шығуын өткізу мерзімі кездейсоқ таӊдалған жоқ. Орталық аппараттыӊ жеке құрамымен баламалы сабақтарды жазғы оқыту кезеӊінде де ұйымдастыру керек. Еӊ бастысы, басқару пункттерін өрістету ауданын әскери бөлімдердіӊ орналасу пункттерінен тыс таӊдау қажет", - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Искери қызметшілерге арналған сабақтар екі күнге созылады. Жеке құрам далалық жағдайда жұмыс жасайды. Искерлерді жедел басқару үшін әскерлерді автоматтандырылған басқару элменттері бар командалық-штабтық машиналарды, палаткаларды, далалық ас үйлер мен автономды электр агрегаттарын қолдана отырып, жауынгерлік қызмет және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудіӊ барлық элементтері бар басқару пункттері өрістетілді.

Жұмысқа әуе және теміржол басқару пункттері дайындалды. Жауынгерлікке жақындатылған жағдайда ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы орталық аппаратыныӊ әскери қызметшілері оқу топтарында іс-қимылдарды пысықтауда.

Сабақтар барысында басқару пункттерімен штабтық жаттықтыру өткізіледі. Офицерлер мен генералдар штаттық атыс қаруынан оқ атады, 5 шақырымға шаӊғымен жүгіруден нормативтер тапсырады.

ҚР Қорғаныс министрлігі мен Бас штабыныӊ жауынгерлік даярлығы үшін жауынгерлік даярлықты қамтамасыз етуге арналған инфрақұрылымныӊ негізгі элементтері бар толыққанды далалық кешен өрістетілгенін айта кетейік.

83205 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері бөлім командирініӊ басшылық етуімен жылуы бар палаткалар орнатты. Далалық қалашықта әскери қызметшілердіӊ тамақтануын ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған, сондай-ақ санитарлық кешен бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны