Система Orphus

Қорғаныс министрлігі "Искери қызметкерлердің және олардың отбасының мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы" жаңа заң жобасын дайындап жатыр - Ахметов

21.04.2008, 14:49 2091

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлігі "Искери қызметкерлердің және олардың отбасының мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы" жаңа заң жобасын дайындап жатыр, бұл туралы журналистерге ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Искери қызметкерлердің жаңа мәртебесі қарастырылған жаңа жоба редакциясы жасалуда. Бұл жоғары қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес жасалып жатыр ", - деді Д. Ахметов.

"Менің пікірімше, мемлекет экономикасының дамуы әскери қызметкердің әлеуметтік мәртебесіне басқаша қарауға мүмкіндік береді. Меніңше бұл әскери қызметкердің өміріне, оның отбасының әлеуметтік жағынан қорғалуына, бірінші кезекте әскери қызметкерлердің балаларына қажетті жағдай туғызуға байланысты жаңа көзқарастағы бастама болады", -деді ол.

"АҚШ әскері шақырылатын әскери қызметкермен бірге отбасын табады деген пікір қалыптасқан. Бұл сөйлемнің артында мемлекет тарапынан әскери қызметкерге ерекше қамқорлық жасалатындығы байқалып отыр. Осындай негізгі бағыттардағы өзгертулер "Искери қызметкерлердің және олардың отбасының мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы" дайындалып жатқан заң жобасына енгізіліп жатыр", - деп атап өтті министр.

Қорғаныс министрлігінің таратқан баспасөз хатына сәйкес, жаңа заң жобаның редакциясы үкіметтің 2008 жылғы заң жобалық жұмыстар жоспарына енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны