18.02.2011, 13:29 3901

Қорғаныс министрлігінде әскери ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті

Кеше Астана қаласында Қорғаныс министрлігінде әскери ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Кеңейтілген алқа отырысына еліміздің Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - ақпан. Kazakhstan Today - Кеше Астана қаласында Қорғаныс министрлігінде әскери ведомствоның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Кеңейтілген алқа отырысына еліміздің Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңесте қорғаныс ведомствосының 2010 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, перспективалық міндеттері талқылданды.

"Искери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттің басты міндеттерінің бірі Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейде ұстау болып табылады", - деп бастады өз баяндамасын Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков алқа отырысы барысында.

Алқа отырысында сондай-ақ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Илімхан Жарболов, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі, подполковник Қаныш Ибубәкіров, құрлықтағы әскерлер штаб-сержанты-сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Павел Шишкин, авиация базасының командирі, полковник Дәурен Қосанов, әскери-теңіз базасы әртекті корабльдер жеке дивизионының командирі, капитан-лейтенант Құсайын Омаров сөз сөйледі.

Қорғаныс министрлігі алқасының кеңейтілген отырысының қорытындысында еліміздің Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтылған ашық та нақты әңгіменің Қазақстан Қарулы Күштері алдында тұрған міндеттерді орындауда маңызы зор екенін атап өтті.

"Биылғы жыл ерекше жыл - біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы. Сондықтан өз дамуының бастапқы кезінде қандай армия болды және ол қазір қандай дегенді ой елегінен өткізіп көруге болады деп есептеймін. 1990-жылдардың басында Қазақстандағы жағдай күрделі және болжап болмайтын жағдайда болды. Кәсіпорындар жұмысы тоқтады, мыңдаған адамдар жұмыссыз қалды, тіршілік етпейтін елдің ақшасы айналымда болды, оның өзі тапшы еді. Қоғам тығырыққа тірелді, өйткені ескі жүйе жарамсыз қалды, ал жаңа мемлекеттік институттар әлі құрылмаған болатын. Тәжірибе жоқтың қасы, білікті мамандар жетіспеді, бәрін "таза парақтан" бастауға тура келді. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік қал-жағдайы толық көлемде әскери ортаға арналғандай үлкейтіліп көрсетілді. Осындай қиын кезде, 1992 жылғы 7 мамырда менің Жарлығыммен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Олардың құрамына біздің аумаққа орналастырылған бөлімдер мен құрамалар енді. Искери техникалар көп еді, бірақ орталықтандырылған жабдықтау жүйесі жұмыс істемегендіктен оларға ешкім қызмет көрсетпеді. Ақшалай үлес кешіктіріліп берілді. Коммуналдық төлемдер төленбегіндіктен де әскери бөлімдер жарық пен жылудан ажыратылды. Бюджеттің қаржысы тек жалақы мен азық-түлікке жетті. Мәселен, әскери бюджет 1993 жылы бүгінгі жағдаймен салыстырғанда, бар болғаны 8 млрд. теңгені, ал 1994 жылы - 10,5 млрд. теңгені құрады. Алайда, табысты әлеуметтік-экономикалық реформаның, саяси тұрақтылықтың, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің арқасында бұл проблемалардың барлығы да шешімін тапты", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Сіздердің басты міндеттеріңіз - Қазақстанның Қарулы Күштері келешекте 21-ғасырдың әлемдік әскери стандарттарына сәйкес келуі үшін барлық жағдайды жасау. Олар өз Отанына берілген, заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандырылған, жаңа тактиканы қабылдауға бейім мамандардан жасақталуы тиіс", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы өзінің қорытынды сөзінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына шындап дайындалу қажеттігіне тоқталды.

Кеңейтілген алқа отырысының соңында Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің әскери жарысының жеңімпаздарымен кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны