22.05.2014, 20:53 3910

Қорғаныс министрлігінде Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің отырысы өтуде

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Жасұзақовтың қатысуымен жыл сайынғы үшінші Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. ҚР Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник С.Жасұзақовтың қатысуымен жыл сайынғы үшінші Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Қарулы Күштері түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың, әскери оқу орындарының сержанттар кеңесінің төрағалары қатысты, деп ведомствода хабарлады.

Отырыстың күн тәртібінде сарбаздарды жеке даярлаудағы сержанттардың рөлін арттыру, бөлімшелердегі әскери тәртіпті нығайту, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Сержанттардың қызметіне қатысты өзекті мәселелер сержанттар кеңесінде ротадан бастап ҚР ҚК түрлеріне дейінгі барлық деңгейде толық талқылаудан өтті.

Сондай-ақ, генерал-полковник С. Жасұзақов жеке құрамның жауынгерлік даярлығын сапалы жүргізу, бөлімшелердегі жоғары әскери тәртіпті нығайту бойынша тапсырмалар қойды.

Бүкілармиялық сержанттар кеңесінің қатысушылары үшін "Жас ұлан" республикалық мектебінде "АҚШ армиясының әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау бағдарламасының ұйымдастырылуы және қызметі туралы" танымдық брифинг өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны