14.05.2009, 17:26 2840

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексерулер одан әрі жалғасуда. Біз біраз заң бұзушылықтарды әшкереледік. Анықталған деректер бойынша ҰҚК, ІІМ мен қаржы полициясы органдары бірқатар қылмыстық істер қозғады", - деді С. Нұрпейісов.

Оның айтуынша, "заң бұзушылықтар дерегін тексеруге прокуратура белсене атсалысып, құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерін үйлестіруде".

Бас прокуратурасының ресми өкілінің хабарлауынша, тағы да бірқатар материалдар бойынша тергеу алдындағы тексеру жүргізілуде, ол осы жылдың маусым айының ортасына таман аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны