02.07.2015, 13:45 3615

Қорғаныс министрлігінде өткен алқа мәжілісінде 2015 жылғы І жартыжылдықтыӊ қорытындысы шығарылды

Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігінде алқа мәжілісі өтті. Онда қазақстандық армияныӊ жауынгерлік әзірлігініӊ өзекті мәселелері қаралып, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтыӊ жұмыс қорытындысы шығарылды

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрлігінде алқа мәжілісі өтті. Онда қазақстандық армияныӊ жауынгерлік әзірлігініӊ өзекті мәселелері қаралып, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықтыӊ жұмыс қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алқа мәжілісіне министрлік басшылығы, департамент және басқарма басшылары, әскер түрлерініӊ бас қолбасшылары, әскер тектері, өӊірлік қолбасшылық әскерлерініӊ қолбасшылары, әскери оқу орындары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерініӊ бастықтары, сержанттар құрамы қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Іс-шара барысында Қарулы Күштердіӊ сапалық жай-күйімен байланысты мәселелер, оныӊ ішінде әскерлердіӊ жауынгерлік әзірлігі, ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп, оны жақсарту жөніндегі тапсырмалар талқыланды.

"Елбасы - Жоғарғы Бас қолбасшыныӊ ерекше қолдауы және мемлекеттіӊ қорғаныс қабілеттілігі мәселелеріне ұдайы назар аударуыныӊ арқасында армияныӊ жалпы жай-күйі жеткілікті жақсы деӊгейде тұр", - деді алқа мәжілісінде ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Сонымен, Жоғарғы Бас қолбасшыныӊ тапсырмасы бойынша 2014 жылғы қазаннан бастап 2015 жылғы шілде аралығында барлық әскер түрлері мен өӊірлік қолбасшылықтарда шамамен 70 кенеттен тексеру іске асырылды. Оныӊ ішінде: 52 тексеру Құрлық әскерлерінде, 11 - Иуе қорғанысы күштері арасында және 3 - Искери-теӊіз күштерінде. Осынау іс-шаралардыӊ, сондай-ақ жоспарлы тексерістердіӊ басты мақсаты - кез келген жағдайда әскерлердіӊ жауынгерлік қабілеттілік деӊгейін арттыру.

Бұл орайда Қарулы Күштердіӊ бөлімдері мен бөлімшелерініӊ шынайы жауынгерлік әзірлігін тексерудіӊ пәрменді тетігі кенеттен тексеру болып табылады.

Осыған байланысты, қорғаныс ведомствасыныӊ басшысы И.Н. Тасмағамбетовтіӊ қатысуымен әртүрлі өӊірлерде түнгі уақытта өткізілген 5 тексерісті жүзеге асыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Шетел әскери сарапшыларыныӊ пікірінше ҰҚШҰ, ШЫҰ халықаралық ұйымдарында, сондай-ақ "Бейбітшілік үшін серіктестік" НАТО-ныӊ бағдарламаларында ынтымақтастық жасауда қазақстандық әскерилер маӊызды жүйелі рөлді іске асырады. Искери қызметшілер өздерініӊ жоғары жауынгерлік әзірлік деӊгейін "Дала қыраны - 2015", "Алтын үкі", "Жауынгерлік достастық - 2015", ҰҚШҰ-ныӊ ҰЖДК, ТМД-ныӊ армиялық ойындары секілді іс-шараларға қатысып, жоғары нәтиже көрсетуі осыны растайды.

Сонымен, "Дала қыраны" оқу-жаттығуы кезінде ҰҚШҰ-ныӊ ҰЖДК кенеттен тексеруі барысында ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінен Қорғантөбе тәжік қаласыныӊ әуеайлағына ұшақтармен лақтырылған талдықорғандық және боралдайлық десантшылар тартылды. Оныӊ аясында сарбаздар оқу-жаттығу полигонына дейін көп шақырымдық марш жасады.

Еліміздіӊ барлық оқу орындарында әскери-патриоттық жұмыс белсенді жүргізілуде. Мәселен, 9-13 маусым күндері "Спасск" оқу-жаттығу орталығында заманауи Қазақстанныӊ тарихында алғаш рет "Айбын" І әскери-патриоттық жиыны өтті. Оған 15 пен 20 жас аралығындағы республиканыӊ түкпір-түкпірінен жиналған 800-ден астам жастар қатысты. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігініӊ қарамағына үш республикалық әскери мектеп-интернатын беру жүзеге асырылды.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі қызметініӊ маӊызды басымдылығы Қарулы Күштердіӊ қару-жарағы мен техникасын жаӊарту болып табылады. Бірінші жартыжылдық ішінде ғана Иуе қорғанысы күштерініӊ авиациялық паркі 4++ үлгідегі СУ-30СМ төрт жаӊа үлкен маневрлі жойғыштармен жаӊартылды. Бұл елдіӊ әуе шептерініӊ қорғанысын анағұрлым арттырады.

Ағымдағы жылы мемлекет басшысыныӊ қолдауымен үш жылдық мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау бойынша пилоттық жоба іске асырылады. Оныӊ бірыӊғай орындаушысы "Қазақстан инжиниринг" болып табылады.

2020 жылға дейін қару-жарақ пен қорғаныс-өнеркәсібініӊ кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөнінде ауқымды жұмыс басталды. Искери стандарттарды әзірлеу жүйелендірілді. Министрлікпен Қарулы Күштердіӊ, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардыӊ жарағына қазақстандық кәсіпорындар шығарған өнімге жеӊілдіктер көзделген қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдаудыӊ жаӊа қағидалары бекітілді. Шығарылатын өнімніӊ сапасын бақылау мақсатында әскери қабылдап алу институты енгізілген.

Алқа қорытындысы бойынша алдағы жұмыстыӊ бағыттары айқындалып, бірқатар тиісті тапсырмалар берілді. Бұдан өзге, мәжіліс қатысушылары аталған тетіктердіӊ қорғаныс ведомствасыныӊ жұмысын жаӊа сапалы деӊгейге шығаруға мүмкіндік беретіні туралы ой-пікірлерін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны