19.02.2009, 17:41 3098

Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінде Қазақстан әскерін трансформациялау шеңберінде алдағы уақытта атқарылатын шаралар жиынтығы анықталды

Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінде Қазақстан әскерін трансформациялау шеңберінде алдағы уақытта атқарылатын шаралар жиынтығы анықталды

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінде Қазақстан әскерін трансформациялау шеңберінде алдағы уақытта атқарылатын шаралар жиынтығы анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен Қорғаныс министрлігі әскери алқасының отырысы өтті.

Шараның күн тәртібінде Қарулы күштердің бүгінгі жай-күйін айшықтайтын бірқатар маңызды сұрақтар талқыланды. Атап айтқанда, келісім-шарт бойынша қызметтегі әскерилерді аттестациялаудың барысы, сержант және қатардағы жауынгер деңгейіндегі мамандармен жұмыс жүргізудің жаңа формалары, Қарулы Күштер шеңберіндегі әскери тәртіптілік мәселелері. Сонымен қатар Қазақстан әскерін трансформациялау шеңберінде алдағы уақытта атқарылатын шаралар жиынтығы анықталды.

Басты назар Қарулы Күштерді трансформациялау аясында жауынгерлік дайындықтың және әскерлер әзірлігінің сапасын арттыруға қатысты 2009-2011 жылдарға арналған жоспардың орындалуына бөлінді.

Искерді трансформациялаудың техникалық қырлары бойынша атқарылған шаралар жиынтығы әскерлердің жауынгерлік әзірлігінің 2007 жылғы қаңтарымен салыстырғанда 3-3,5 есеге артқанын көрсетеді, делінген хабарламада.

Искери мамандықтың мәртебесін арттыру және әскерилердің қажетті деңгейде әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Елбасы арнаулы заңға қол қойды.

Ендігі жерде келісім-шарт негізінде сапқа тұрған азаматқа бір реткі төлемақы төленетін болады. Атап айтқанда ол сома көлемі келісім-шартта көрсетілген мерзімнің ұзақтығына тікелей байланысты. ( 3 жылға - 1 оклад, 5 жылға - 10 оклад, 10 жылға - 20 оклад).

Сонымен қоса, келісім-шарт қызметінің әскерилері 8 жыл қызмет атқарғаннан кейін ақылы жоғары оқу орнында жарты бағасын мемлекетке төлетіп білім алуына болады.

Министрлік тарапынан келісім-шарт бойынша сапқа тұруға ниет еткен үміткерлерге деген талап күшейді. Нәтижесінде әскерилердің сапа көрсеткіші артты.

Қызмет бабында өсуге де мол мүмкіндіктер туды. Қызметін адал атқарған мамандарға барлық жағдай жасалынуда. Қазірдің өзінде келісім-шартты қызметтің 200 өкілі жауынгерлык дайындықты айқындайтын лауазымдарға тағайындалды.

Былтырғы жылдың қараша айынан бастап аталған топтағы әскери қызметкерлердің кәсіби біліктілігін айқындау мақсатында аттестациялау шарасы жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны