05.05.2008, 19:15 3122

Қорғаныс министрлігінің басқару құрылымы 38-ден 29-ға қысқартылды - Д. Ахметов

Қорғаныс министрлігінің басқару құрылымы 38-ден 29-ға қысқартылды - Д. Ахметов

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің басқару құрылымын өзгерту барысында министрліктің басқару құрылымы 38-ден 29-ға қысқартылды. Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс күштерінің ардагерлерімен кездесу барысында ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Қорғаныс министрлігі өзінің құрамын оңтайландыруы және өзінің құрылымын бұрынғыдан да айқын анықтауы керек деп шештік", - деді ол.

"Біз министрліктегі 350 офицерлік лауазымды қысқартып қана қойғамыз жоқ. Біз оларды нақты әскери бөлімдер мен бөлімшелерге жібердік", - деп сөзін жалғастырды қорғаныс министрі.

"Сонымен бірге, қорғаныс күштерін басқару құрылымында біз бірқатар жаңа департаменттер құрдық. Менің ойымша, олардың қажеттілігі жоғары", - деді ол.

Министр мәселе қазіргі күннің өзінде жақсы қырынан танылып жатқан әскери дайындық департаментіндегі реформалар барысы жайында екенін түсіндірді. "Біз арнайы басқарма құрып алмай жатып, сержанттық құраммен жұмыс істеу мүмкін емес екенін түсіндік. Сондықтан, тиісті бөлім басқармаға айналды", - деді Д. Ахметов.

"Қорғаныс күштері уақытпен бірге қадам басуы керек екенін түсіне отырып (бірінші кезекте әлемнің алдыңғы қатарлы армияларында), біз ақпараттандыру және байланыс бас басқармасын құрдық. Оның алдына орта мезгіл ішінде автоматтандырылған әскер басқару жүйесін және қорғаныс күштерінде автоматтандырылған қару басқару жүйесін енгізу үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған", - деп атап көрсетті қорғаныс министрі.

"Бұл бөлімше осы саладағы әлемдік тәжірибені сараптамадан өткізді, әлемнің көптеген елдерінде болды. Шетел мемлекеттері де әскер мен қаруды автоматтандырылған басқару жүйесін енгізумен айналысып жатыр. Ол бөлімше қазір армияда бар ақпараттандыру мен байланыс саласындағы мамандардан құралды. Сондай-ақ, әрине, біз оған ақпараттандыру саласындағы жақсы азаматтық тұлғаларды да тарттық", - деді Д. Ахметов.

"Қорғаныс күштерінің басқару құрылымын өзгерту барысында штаб бастықтарының комитеті айтарлықтай нығайды. Біз бұл комитеттің әскер өмірінің күнделікті шаруаларымен шын мәнінде айналысатын орган болғанын қалаймыз", - деп сөзін қорытты қорғаныс министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны