14.01.2011, 17:05 3658

Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алматы гарнизонының әскери соты қызметтік бабын асыра пайдаланып, 500 млн теңге көлемінде әскери қызметкерлердің баспана мәселесін шешуге бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған "Танеко" ЖШС басшысы мен Қорғаныс министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғаларының үстінен қозғалған істі қарап, үкім шығарды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, он бір адам әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны