05.03.2015, 12:25 3885

Қорғаныс ведомствасы отандық өндірушілерді қолдайды

Алматыда отандық өндірушілердіӊ әскери мақсаттағытауарлар көрмесі өтті. Бұл жерде далалық киім үлгісінен бастап генерал погондарына дейінгі тауарлардыӊ кеӊ ауқымы көрсетілді

Алматы. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда отандық өндірушілердіӊ әскери мақсаттағытауарлар көрмесі өтті. Бұл жерде далалық киім үлгісінен бастап генерал погондарына дейінгі тауарлардыӊ кеӊ ауқымы көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз алғашқы қазақстандық погондар авторымыз. Біз оны мақтанышпен айта аламыз. Көрмеде әкелгеніміздіӊбарлығы - қолмен жасалған бұйымдар. Біз өзімізді және өнімімізді көрсету үшін келдік" - деді кәсіпкер Жаннат Мұхамедшина. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери киім үлгісі әрқашан кәдімгіштаттық киіммен біршамаұқсас болып келеді. Азаматтық үлгідегі киімдер әскери киімніӊ дамуына әсер етті деп айтуға болады.

Петропавлдық нұсқаушы конструктор Евгения Бенюк қыз-келіншектерге арналғанбұйымдарға ерекше назар аудару қажет деп санайды. Сондықтан ол жаӊа үлгілердіқыз-келіншектер дене бітімініӊ ерекшелігін ескере отырып бұйымдарды көрермен талқысына ұсынуды дұрыс деп тапты. Жаӊа үлгілерге тек қазіргі заманғы маталар мен жаӊа технологиялар пайдаланғанын атап өтті.

Бастамашылардыӊ айтуынша осындай көрмелер әрқашан үлкен қызығушылық туғызады. Бұл жолы да солай болды.

Отандық өндірушілердіӊ барлық жетістігі ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке көрсетілді, аталған көрмеге қатысушыныӊ бірде-біреуі оныӊ назарынан тыс қалған жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны