15.03.2012, 16:12 3231

"Қорғас ісіне" қатыстылар тергеушілерге 5 млн доллар пара ұсынған

Алматыда "Қорғас ісіне" қатысты адамдардан пара алмақшы болған үш құқық қорғау органының қызметкері ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен өткізілген болған брифингте Экономикалық қылмысқы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - "Қорғас ісіне" қатыстылар тергеушілерге 5 млн доллар пара ұсынған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда "Қорғас ісіне" қатысты адамдардан пара алмақшы болған үш құқық қорғау органының қызметкері ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен өткізілген болған брифингте Экономикалық қылмысқы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржы полициясының ақпараты бойынша, Алматыда үш құқық қорғау органының қызметкері Қорғас және Қалжат кеден бекеттерінде ұзақ уақыт бойы экономикалық контрабандымен айналысып келшген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мен басшыларынан пара алуға әрекеттенгенен кейін ұсталды.

"Қорғас" және "Қалжат" кедендік бекеттерімен байланысты іске қатысты азаматтар делдалдар арқылы құзырлы орган өкілдеріне өздеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін пара ретінде 5 миллион АҚШ долларын бермек болған.

"Юсупов, Зиманов, Иубәкіров қылмыстық істі тоқтатамыз деген желеумен қамауда отырғандардан азамат Усманов арқылы 5 миллион АҚШ долларын алған. Аталмыш азаматтарға қатысты 24 қаңтар күні қылмыстық іс қозғалды",-деді ресми өкіл.

Оның сөзінше, 25 қаңтар күні Юсупов, Зиманов, Иубәкіров пен Усманов "Медеу" аудандық сотының санкциясы негізінде тұтқынға алынды, қазіргі таңда аталмыш оқиға тексерілу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны