10.08.2011, 10:56 3483

"Қорғас" шекаралық ынтымақтастығы орталығының бұрынғы басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

"Хоргоз" Шекаралық Ынтымақтастықтың Халықаралық орталығы" АҚ-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Сейдәлі 500 миллионнан аса көлемде бюджеттік қаражатты ұрлауда кінәлі деп танылды.

Астана. 10-тамыз. Kazakhstan Today - "Қорғас" шекаралық ынтымақтастығы орталығының бұрынғы басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы облысы Панфилов аудандық соты "Қорғас" Шекаралық Ынтымақтастығы Халықаралық Орталығы" АҚ бұрынғы басшысы Н. Сейдәліні бюджет қаражатын ұрлағаны үшін дүние-мүлкін тәркілеп, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің баспасөз қызметі (салық полициясы).

"Хоргоз" Шекаралық Ынтымақтастықтың Халықаралық орталығы" АҚ-ның бұрынғы басшысы Нұрлан Сейдәлі 500 миллионнан аса көлемде бюджеттік қаражатты ұрлауда кінәлі деп танылды.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, Сейдәліден бөтен сотталушылар қатарында "Қорғас-Сервис" ЖШС-ның еншілес кәсіпорынының жетекшісі Рахымбаев пен мердігерлік мекемелерінің директорлары Белозеров пен Дәулетов бар.

"Үстіміздегі жылдың тоғызыншы тамызда Алматы облысының Панфилов аудандық сотының үкімімен аталған қылмыстарды жасағаны үшін Сейдәлі мен Рахымбаев мүлкілерін тәркілеумен, тоғыз және жеті жылға бас бостандығынан айыруға, Белозеров пен Дәулетов - бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталды", - деп атап көрсетілге таратылған хабарламада

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны