09.07.2020, 20:58 5058

Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында ҚР Үкіметі резерві қаражатынан 18,1 млрд.теңге бөлінді

Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында ҚР Үкіметі резерві қаражатынан 18,1 млрд.теңге бөлінді

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan Today - Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында ҚР Үкіметі резерві қаражатынан 18,1 млрд.теңге бөлінді. Оның 12,8 млрд. теңгесі Денсаулық сақтау министрлігіне, ал 5,3 млрд.теңге осы бағыттағы іс-шараларға тартылған басқа да ведомстволар мен мемлекеттік органдарға берілді. Денсаулық сақтау министрлігіне бөлінген қаражат жеке қорғаныс құралдары, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

Медициналық ұйымдарға дәрілік заттар жеткілікті мөлшерде жөнелтіледі.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу үшін 138,8 млн.теңгеге 59 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынды.

Қазір 3,3 мың ӨЖЖ аппараты бар. Жаңадан ашылған стационарларға қосымша 978 аппарат сатып алынды және тағы 1000 бірлік аппаратқа тапсырыс берілді.

Сырқат орташа ауыр және ауыр жағдайда өтсе, дәрі-дәрмектердің жартысынан көбі қорда қалады.

КВИ диагностикалау мәне емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес, медициналық ұйымдарға коронавирус инфекциясын емдеу үшін 16 түрлі антибиот үздіксіз жеткізіліп отыр.

Орталықтандырылған газ жоқ стационарларды оксигенотерапиямен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 4 мың оттегі концентратын сатып алу жоспарлануда.

Өңірлердегі медициналық ұйымдарда 27 мың пациент вирусқа қарсы препаратпен қамтамасыз етілген.

15 шілдеге дейін тағы да 28 мың пациентке дәрі-дәрмек сатып алынады. Сонда, дәрімен қамтылғандар саны 58 864 пациентке дейін өседі.

Вирусқа қарсы терапия орташа ауыр және ауыр жағдайда ғана қажет, ал жеңіл жағдайлар шамамен 50% құрайды.

Вирусты жеңу үшін мүмкіндігінше емді ерте бастау керек.

1 353 260 дәрі-дәрмек сатып алынды. 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін: 16 мың пациентке арналған 840 000 Лопинавир-Ритонавир таблеткасы; 11 мың пациентке жететін 61 300 Гидроксихлорохин; 1 мың пациентке жететін 11 мың Ремдесивир флаконы алынады.

2020 жылдың 15 тамызына дейін: 440 960 Лопинавир-Ритонавир таблеткасы алынады.

Жақын арада нарыққа мына дәрілер түседі:

30 мыңға жуық левофлоксацин орамасы;

75 мың амоксициллин орамасы;

Ципрофлоксациннің 70 мың қаптамасы;

Цефуроксим препаратының 150 мың орамасы;

858 мың Цефтриаксон орамасы.

Бөлшек дәріханаларға жоғары сұранысқа ие дәрілік препараттарды жедел жеткізу үшін өндірушілермен және дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізілуде. Алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында әкімдіктер дәрі-дәрмектерді бір қолға беру туралы шектеу енгізеді.

Covid-19 негізгі симптомдарын жою үшін дене қызуын түсіретін әне басқа да препараттар қолданылады.

Алдағы екі апта ішінде парацетамолдың қосымша 800 мың орамасы келеді. Антибиотиктерге келетін болсақ, өткен аптаның соңында отандық өндірушілер дистрибьюторларға тарата бастады, мысалы, азитромициннің 100 мыңнан астам орамасы нарыққа түсті.

Дәрі-дәрмекті шекті бағадан қымбат сатқандарға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заңды қайта бұзғандардың лицензиясын тоқтатуға тура келеді.

Рецептсіз дәрі таратқандар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бүгінде 6 мыңнан астам дәрілік заттардың бағасы бекітілді. Олардың бағасын Министрліктің және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің интернет-ресурстарынан, Dari KZ мобильдік қосымшасынан көруге болады.

Карантин жағдайында, әсіресе, бүгінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік препараттардың пациенттерге дер кезінде жетуі маңызды.

ТМККК шеңберінде халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың 453 атауы (90%), МӘМС аясында 204 атауы (92%) сатып алынды.

"СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы өз қаражаты есебінен 2,7 млрд.теңгеге 133 препараттан тұратын (әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін) азаймайтын қор құрды. Сондықтан дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды.

Азаматтарға өз беттеріңізше емделмеуге кеңес береміз және аурудың белгілері байқалса, дене қызуыңыз көтерілсе, дереу дәрігерге хабарласып, кеңес алуларыңызды сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны