13.06.2014, 18:46 3386

ҚОСРМ 2020 жылға дейін орман шаруашылығы секторын дамытудың бағдарламасын әзірлеуде

ҚОСРМ 2020 жылға дейін орман шаруашылығы секторын дамыту бағдарламасын әзірлеуде. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ббаспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. ҚОСРМ 2020 жылға дейін орман шаруашылығы секторын дамыту бағдарламасын әзірлеуде. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ббаспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Орман және аңшылық шаруашылықтары секторын дамыту міндеттері қазір әзірленіп жатқан 2020 жылға дейінгі экономиканың орман секторын дамыту жөніндегі бағдарламада белгіленбек", - деді Н. Қаппаров.

Оның айтуынша, мемлекеттік орман шаруашылығы мен табиғатты қорғау ұйымдарының күшімен көктемгі маусым барысында 34 мың гектар жер алқабында орман отырғызылды.

"Сонымен қатар, ел аумағындағы ормандарды сақтау және көбейту жобасы аясындағы жұмыстар жасалып жатыр. Жоба аясында Арал теңізінің құрғаған бөлігінде фитомелиорациялық шаралар жүргізілді. Ауданы 10,6 мың гектар жерде сексеуіл отырғызылды", - деді ол.

Оған қоса, "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерваты аумағында орман ағаштарының көшеттері өсірілетін кешеннің құрылысы аяқталып келеді. Оны қараша айында іске қосу жоспарланып отыр. Министрлік экологиялық іс-шараларға қалың жұртшылықты тарту үрдісін жалғастырып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны